Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әз-ағаның әлемі - АРҚА АЖАРЫ

Әз-ағаның әлемі

 Асыл ағамыз, ұлтымыздың абызы, КСРО Халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының  лауреаты, Халық   Қаһарманы, Астанадағы  Қалибек  Қуанышбаев атындағы  драма  театрының  көркемдік  жетекшісі болған   Әз-ағамызбен жақынырақ танысуыма сол жылдардағы  «Астана» журналының бас редакторы, жазушы  қаламдасым  Жұмагүл  Саухат себепкер  болып еді.

  Жұмыс істейтін мекемелеріміздің арасы онша алыс болмағандықтан,  Әз-ағаммен  жиі  жолығысып  тұрдық. Ұлы адамдардың  кішіпейіл болатыны  белгілі. Әз-ағама  журналдың  тапсырысымен  шығармашылығы туралы   жазбақ мақсатымды айттым. Кейіннен  ол мақалам   «Әз-ағаның  әлемі»  деген атпен  «Ару мен Арлан»  атты кітабыма  кірді, журналға жарияланды.
– Жақсы  жазылған екен, інім. Кел,
коньяктан  бірер жүз грамм алып қоялық – деді  ағамыз, кабинетіне  кіріп, кітабымды тапсырып тұрғанда. Сол жылы  Әз-ағаға  еріп, Қызылжар  қаласына  да бардым.  Өзге ұлттары  басым шаһардағы   Погодин атындағы  орыс драма театрында  Әз-ағаң  ұлы Ғабеңнің    «Қозы  көрпеш – Баян сұлуын» қойғаны   есімде.  Спектакльдің  дайындығы  кезінде орыс  актерлерінің  бірі  Қозы  сөзін Қазы деп  шатастырғанын естігенде, Әз-ағаң: – Сіз   менің есіме  қазақтың  қазы-қартасын  түсіре бермеңіз, – деп, әзілдегені  есімде қалып  қойыпты. Сірә  дә Петропавл  басшылары  сол жолы    Әз-ағаңды  дұрыстап қарсы ала алмаған  болды-ау  деп, ойлағам сонда. Артынан  Әз-ағаң  мені  «Қазақстанның Мәдениет қайраткері» атағына ұсынған.
Ұлтымыздың  осынау   ұлы перзентімен  аз  ғана уақыт болса  да, таныс болғанымды   күні  бүгінге дейін мақтан тұтамын. Тағдырыма  мың   алғыс айтамын!

Смағұл РАХЫМБЕК,
жазушы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар