Жерлестеріміз белбеу күресінен ел чемпионы атанды

Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Түркістан қаласында белбеу күресінен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

«Боз кілемге шыққан Ақмола облысының балуандары Аслан Қуанышбек 75 келі және Ағеділ Өмірбек 90 келі салмақ бойынша чемпион атанды. Жерлестеріміз қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді»,  – деді ведомствоның баспасөз хатшысы Махаббат Большина

Белбеу күресінен өңірдің аға жаттықтырушысы Мәулен Нұрланның айтуынша, енді балалар Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатында және Татарстан республикасының астанасы Қазан қаласында өтетін ТМД елдерінің ойындарында өнер көрсетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар