Аялдамаға «бомба қойған» 29 жастағы күдікті ұсталды

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мамырдың 10-да сағат 13:00 Степногорск қалалық ПБ кезекші бөліміне ұялы телефоннан ер адам хабарласып, 5-шағынауданда жарылғыш зат қойылғанын айтты. Айтылған аумақты тексеру кезінде жарылғыш зат табылмады.

Жедел-іздестіру шарасы барысында полиция қызметкерлері 29 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Анықталғандай, ол 2019 жылы да осындай қылмысы үшін жауапқа тартылыпты.

«Осыған байланысты, қазіргі кезде күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 273-бабы («Терроризм туралы көрінеу жалған хабарлау») бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», – деді ведомстводан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар