Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жылы орында өтті - АРҚА АЖАРЫ

Жылы орында өтті

 

Өткен сенбі күні облыс әкімі  Сергей Кулагин Көкшетау қаласындағы «Восточный» базарында Жаңа жылдың алдында өткізілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін аралап көріп, азық-түлік бағасына назар аударды, қала және ауыл тұрғындарымен пікір-лесіп, хал-жағдайларын сұрастырып білді. 

 

Жылы әрі кең ғимаратта өткізіл-ген жәрмеңкеде халыққа Зеренді, Сандықтау, Целиноград, Шортанды, Еңбекшілдер аудандарындағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің және облыс орталығындағы өңдеуші кәсіп-орындарының өнімдері ұсынылды. Сауда орындарында  156,2 тонна ет пен шұжық өнімдері, 18 тонна балық, 250 мың дана жұмыртқа, 40,7 тонна сүт және сүт өнімдері, 70 тонна ұн,
45 тонна картоп, 60 тонна көкөніс, 5 тонна қант пен 18 мың литр өсімдік майы сатылды. Сондай-ақ, жәрмеңкеде Аршалы ауданының «Ижевск» өндірістік кооперативі, Ақкөл ауданының «Үшбұлақ», Бурабай ауданының «Береке Агро», Жақсы ауданының «Айбат», Атбасар ауданының «Сочинский» және «Интер Траде» серіктестіктері сауда жасағанын көзіміз шалды. Қала мен аудандардың көркемөнерпаздары шырқаған әсем әндер жәрмеңкені қыздыра түсті.
Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Берікжан Әбутәліповтың айтуын-
ша, ауданның ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері 30 тонна ет өнімдерін, 15 тонна сүт өнімдерін,
50 мың дана жұмыртқа, 20 тонна картоп, қырыққабат, сәбіз, пияз, сарымсақ тәрізді көкөністер әкеліпті.
Шортанды ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Мұхамедин өңірдің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері 20 бас ірі қара мал,
3 жылқы мен 11 қойдың етін, 10 тонна картоп, ет және сүт өнімдерін, консервілер мен көкөніс әкелгенін атап өтті.
Зеренді аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Әсет Құрманғожин өз сөзінде ауданның селолық округтері мен кәсіпорындары 6 тонна ірі қара мал, 2 тонна жылқы, 230 дана қаз етін, 4 тонна картоп, 2 тонна сәбіз,
1 тонна пияз, 1 тонна қызылша,
1 тонна қырыққабат және сүт өнім-дерін әкелгенін айтты.
Балкашин селосындағы «Ветстанция-1» коммуналдық кәсіпорынның директоры Молдабай Байжігітовты да әңгімеге тарттық. Олар жылқы, ірі қара мал, қой және қаз етін, балық, консерві өнімдерінің түр-түрін әкеліпті. Сондай-ақ, Сандықтау ауданының Максимовка селолық округі ұсынған қазақтың ақбас ірі қарасының еті сауда сөресінде көп жатпады. Көкшетау қаласының тұрғыны Асылжан Сақыпованы жолықтырдық. Ол өз үйінің  маңында «Восточный базары» ашылғанына қуанғанын жасырмады. Осы жолы тұтынушылар саны да көп болып, сауда қыза түсті. Жалпы 220,2 миллион теңгенің 517,5 тонна азық-түлік тағамдары сатылды.

 

Рамазан ТІЛЕУОВ

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар