Ақмолалық оқушылар командасы «IQanat» олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, 2021 жылдың 5-11 мамыр аралығында ауыл мектептерінің 9 сынып оқушылары арасында «IQanat» олимпиадасының республикалық туры өтті. Слетке еліміздің 14 облысынан 700-ден астам оқушы қатысты.

«IQanat» олимпиадасы-тек ауыл мектептері оқушылары үшін өткізілетін ең ауқымды жеке олимпиада. «IQanat» жеңімпаздары диплом мен естелік алып қана қоймай, сондай-ақ, қазақстандық және халықаралық беделді университеттерге түсу үшін теңдей қол жеткізеді.

Облысымыздан тарих пәні бойынша Аяулым Жолданғарова (Целиноград ауданы) бір бірінші орын, химия пәні бойынша Әзім Болатов (Астрахан ауданы) екінші орын және үш үшінші орындарды – Назым Ілияс (Егіндікөл ауданы) математика, Тимур Ни (Целиноград ауданы) физика, Ернұр Серіков (Ақкөл ауданы) тарих пәндері бойынша жүлдегер атанды.

Целиноград ауданындағы Қосшы ауылының №1 орта мектебінің оқушысы Фариза Темірболатова олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атанды. Екінші орынды Шортанды ауданындағы Шортанды кенті №2 орта мектебінің оқушысы Роман Хлубный жеңіп алды.

Олимпиадада ең жоғары балл жинаған 300 қатысушының арасында «IQanat High School of Burabai» оқуға түсуге қосымша іріктеу жүргізілді.
Ақмола облысының 16 баласы аталған мектепте оқуға грант иегерлері атанды.
«IQanat» олимпиадасының 3 республикалық турының қорытындысы бойынша Ақмола облысы еліміздің 14 облысы арасында 2 командалық орынға ие болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар