Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Екі жақ болып... - АРҚА АЖАРЫ

Екі жақ болып…

 Ақмола Медиа орталығында облыстық наркологиялық оңалту орталығының бас дәрігері Серік Әшімовтың үстінен жазылған арыз-шағымға байланысты баспасөз мәслихаты болып өтті.

  Баспасөз мәслихаты өте қызу өтті. Арызда мекеме басшысы  қызметкерлерді себепсіз жұмыстан шығарып, тырнақ астынан кір іздегені туралы айтылған. Орталыққа жетекшілік еткен үш айдың ішінде жиырма бес адам  жұмыстан босатылыпты. Тіпті, қызметкерлердің  мінезі көңіліне жақпаса, еңбекақысын төмендеткені туралы да деректер келтірілген. Арызға жұмыстан кеткен азаматтардың барлығы өз қолдарын қойған.
Жиын барысында орталықтың бас дәрігері аталмыш лауазымға тағайындалғаннан бері атқарған жұмысын баяндап берді. Оның айтуынша, қызметкерлер жұмысқа белгіленген уақыттан кешігіп келеді, кейбіреулері ішімдік ішеді. Орталықты қабылдаған кезде ғимарат қысқа да-йын болмаған, ал, бес автокөлік жүруге жарамсыз болып шығыпты. Есепшінің жасаған есебі негізінде үш жарым миллион теңге жетіспейтіні анықталған.  Бұл қаражатқа мекемеге қажетті құрал-жабдықтар алынуы тиіс екен. Сонымен бірге, жұмыстан кеткендер өз тараптарынан болған қателіктерін мойындамай, арыз жазғандары дұрыс емес деген уәж айтты. Енді Серік Әшімов оларды сотқа бермекші. Ол  барлық жалалар негізсіз, оны дәлелдеу үшін қажетті құжаттар қолымда деді. Бұл жағдайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы да жоққа шығармады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар