Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Қызыл» аймақтан шыға алмай отырмыз - АРҚА АЖАРЫ

«Қызыл» аймақтан шыға алмай отырмыз

Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың өршуіне байланысты «қызыл» аймақта қалып отыр. Пандемия басталғаннан бері облыста COVID-19 індетінен зертханалық жолмен расталған 19843 жағдай тіркелген. Ал, өткен бір тәулік ішінде коронавирус пандемиясын жұқтырған 92 жағдай зертханалық жолмен расталып отыр.

Жалпы, ағымдағы жылдың 11 мамырындағы мәлімет бойынша облыста қауіпті індеттен зертханалық жолмен расталған 19 843 жағдай тіркелсе, оның 13852-сі симптомды, 5 991 симптомсыз вирусты тасымалдаушылар. Ал, 104-і осы қауіпті індеттен көз жұмған.

Облыс бойынша бүгінгі күнге дейін ересектер арасында 17639 жағдай тіркелсе, оның 2204-і 14 жасқа дейінгі балаларда кездесіп отыр. Ал, емханаға өз еріктерімен келіп тексерілген кезде анықталған 10262 жағдайдың жалпы санынан 7117 адам індет жұқтырғандармен байланыста болса, 2464-і профилактикалық скрининг кезінде белгілі болған. Мәселен, 2020 жылы COVID-19 індетінен зертханалық жолмен расталған 7247 жағдай тіркелсе, 2021 жылы 12596, ал, мамырдың алғашқы онкүндігінде 1366 жағдай анықталып отырғаны алаңдатарлық жайт. Соңғы аптаның ішінде қауіпті індеттің 845 жағдайы тіркелсе, соңғы бір тәулікте қауіпті індет жұқтырған 92 жағдай зертханалық жолмен расталған. Оның 78-і симптомды, 14-і симптомсыз.

Алайда, бәрі қауіпті індетті тасымалдаушылар. Аурудың жиілігі тәулігіне 0,5 пайызды байқатып отырғаны әлі де алаңдатады. Сондай-ақ, ЖРВИ симптомдарын емдеу кезінде 58 жағдай анықталса, 16-сы коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған, 12-сі профилактикалық тексеру кезінде байқалған. 85 жағдай ересектер арасында, жетеуі 14 жасқа дейінгі балаларда кездескен. Пандемия басталғаннан бері мектеп оқушылары арасында зертханалық жолмен расталған 1473 жағдай тіркелген. Оның ішінде 589 оқушы штаттық режимде (оффлайн), 884-і қашықтықтан оқытуда жұқтырған.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекцияның тіркелуіне байланысты жеті мектеп қашықтықтан оқытуға көшірілген. Олардың екеуі Зеренді ауданынан болса, Ақкөл мен Қорғалжын аудандарында бір-бір мектептен, ал, үшеуі Бурабай ауданынан.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, облыста балалар арасында COVID-19-дың тіркеу фактілерінің жиілеуі бойынша эпидемияға қарсы шаралар кешені жүргізілуде. Сондықтан, әлі де оқырмандарымызды санитарлық шараларды қатаң қадағалап, көпшілік орындарға бармауға, маска тағып, қолды зарарсыздандыратын құралдармен үнемі жуып жүруге шақырамыз.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар