Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жарқайың ауданының тойы - АРҚА АЖАРЫ

Жарқайың ауданының тойы

Таяуда Жарқайың ауданы құрылғанына алпыс жыл толуын және ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнін кең көлемде атап өтті.

Державинск қаласындағы мәдениет үйі қос мерекеге орай жиналған халыққа лық толды. Тіпті, ине шаншар жер қалмады. Жалғыз жарқайыңдықтар ғана емес, Атбасар, Жақсы, Есіл аудандары мен Астана және Қостанай қаласынан да келушілер көп болды. Осы өңірдің тумалары, әр жылдары аудан басқарған басшылар, белгілі өнер қайраткерлері ауданның алпыс жылдығы тәрізді әдемі себеппен дидарласты.
Мерекелік шаралар алдында халық Державинск қаласының кіші алаңында алыстан ат арытып келген меймандарды дәм-тұзбен қарсы алды. Осы арада тыңгерлердің жанына соншалықты жақын, еңбекке толы өткен күндердің көкіректегі мәңгілікке сақталып қалған елесін тірілтетін театрландырылған қойылым жұртшылық назарына ұсынылды. Ал, аудандық мәдениет үйіндегі үлкен мультимедиялық экранда мұрағаттан алынған сирек кездесетін тарихи көріністер көрсетілді. Жылдар жылнамасы іспетті ол көріністерде қажырлы іс-қимылдың, өлшеусіз еңбектің бейнесі бар еді.
Ауданда әлеуметтік-экономикалық дамуға айрықша үлес қосқан еңбек адамдарын марапаттау жақсы дәстүрге айналған. Бұл жолғы жиында да аудан әкімі Асқарбек Үйсімбаев берекені арттыруға жан-тәнімен беріле үлес қосқан еңбек адамдарын марапаттап, ел алғысын жеткізді.
– Алпыс жыл бойы ауданның қалыптасуына, қанат жайып көркеюіне өзіндік үлес қосқан  адамдардың көпшілігі бүгінгі салтанатқа жиналып отыр,–деді аудан әкімі Асқарбек Үйсімбаев,–ілкіден ізетті жібі үзілмей келе жатқан осы бір жақсы дәстүр бүгінгі күні де жалғасын табуда. Ел мерейін үстем етіп келе жатқан еңбек адамдары қандай құрметке болмасын лайық. Тың игерушілер өздерінің ерен еңбектерінің арқасында даланы гүлдендіріп, қоғамды түрлендіріп, тамаша еңбек үлгісін көрсетті. Кейінгі толқын да жақсы істерді жалғастыруда.  
Ауданның алпыс жылдық шежіресін қамтитын «Жарқайың жазирасы» мерекелік альбомы шығарылған екен. Онда еңбек адамдарының мағыналы еңбек дастаны, аудан тарихы баяндалады.
Салтанатты жиыннан соң мерекелік концерт қойылды. Боз даланың бозторғайындай құйқылжыған сұлу әннің түп мағынасы Отан, туған ел, адамгершілік тақырыбында болды. Алпыс жылдық мерекенің өзегі – адал да өнімді еңбекті дәріптеу. Өткен күндердің елесін тірілткен, еңбектің жасампаз құдірет екендігін ұқтырған шараның жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы өте зор.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар