Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дамудың баянды жолындамыз - АРҚА АЖАРЫ

Дамудың баянды жолындамыз

облыстың  бас қаласының  бүгінгі өмір тынысы туралы осыны айтуымызға болады

Ермек МАРЖЫҚПАЕВ,
Көкшетау қаласының әкімі

Көкшетау қаласы үшін өтіп бара жатқан жыл біршама табысты болды.
Жыл басталғалы қала бойынша өнеркәсіп өндірісіндегі өнім көлемі 69,9 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 97,3 пайызға жетті. Көрсеткіштің артуына қайта өңдеу өнеркәсібі көлемінің  көбеюі сеп болып отыр. Әсіресе, қаладағы ірі кәсіпорындар: «Көкше» акционерлік қоғамы 706 миллион теңге,  «Көкшетау нан зауыты» серіктестігі 169,7 миллион теңге, «КамАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамы 7,2 миллиард теңге,  «КМЗ «Молоко Синегорья» серіктестігі 3,4 миллиард теңге,  «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамы 10,3 миллиард теңге,  «Тыныс» акционерлік қоғамы 3,9 миллиард теңге,  «ЕНКИ» серіктестігі 1,9 миллиард теңге,  «НОВОПЭК» серіктестігі 2,8 миллиард теңге,  «AGRIMER-ASTYK» серіктестігі 84,6 миллион теңгенің өнімін өндірді.
Биылғы жыл облыс орталығы бір күнде жеті бірдей әлеуметтік-өндірістік нысандардың ашылуымен ерекшеленді. Оның ішінде Көкшетау қаласында мұсылман қауымы көптен күткен Науан Хазірет мешітінің жөні бір бөлек. Құрылысы 2010 жылы басталған мешіт биыл облыс әкімдігі тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында қаржыландыру мәселесі шешіліп, Рамазан айы қарсаңында жамағат игілігіне берілді. Құрылыстың құны 1,4 миллиард теңгені құрады. Бұл орайда, «Алтынтау Көкшетау», «Көкше мастер» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен басқа да еңбек ұжымдарының, жеке азаматтардың демеушілік көрсеткендігін атап өту қажет.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы техникасын сататын және сервистік қызмет көрсететін орталық – «Агро-интертех» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, соңғы үлгідегі сапалы медициналық жабдықтармен диагностика жасап, емдейтін бірегей жекеменшік мекеме «Авиценна», «SMALL» көтерме-маркеті, қаланың шығыс бөлігінде 400 басқа лайықталған мал бордақылайтын алаңы, қуатты қасапханасы бар, ауысымына 5 тонна шұжық, 20 мың құты консерві, 2 тонна фабрикаттар шығаратын, етті терең өңдеумен айналысатын «Бижан» серіктестігінде екінші желі, 9 қабатты бизнес орталығы және астық пен майлы дақылдарды сақтап, өңдеумен айналысатын «Ақмола Бидай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бар. Соңғы екеуі Индустрияландырудың өңірлік картасына қосылған.
Жалпы, Индустрияландырудың алғашқы бес жылдығында қала бойынша жалпы құны 20,6 миллиард теңгені құрайтын 15 жоба жүзеге асырылды. Екінші бесжылдыққа жобаларды іске асыру бойынша айтарлықтай жоғары меже қойылды. Осының нәтижесінде биылғы жылдың басынан бастап, құны 2,8 миллиард теңге тұратын 2 жоба жүзеге асырылып,  200 тұрақты жұмыс орны ашылды.
Облыс орталығында мәдени саябағы және демалу орны, неке сарайының құрылысы жүргізілуде.  Бұл нысандар қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті жеріне айналатыны сөзсіз.  Сонымен қатар, Тәуелсіздік алаңы, Даңқ  және Ауған соғысының аллеясы абаттандырылып, гүлзаралар орнатылды. Қаламызда тұрғын үй құрылысы да қарқынды жүргізілуде.
Оған жаңадан ашылған «Сарыарқа» шағын ауданында биылғы жылдың өзінде 395 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Алдағы уақытта тағы 465 пәтерді пайдалануға беретін боламыз. Оның 90-ы жас отбасыларға арналған. Мектеп және балабақша құрылысы да ойдағыдай жүргізілуде.
Сондай-ақ, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық  бюджет есебінен 4 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жол мәселесі де назарда. Ағымдағы жылы Набережная, Сәтпаев, Жеңіс және Абай көшелері жаңартылды. Жол жөндеу облыс орталығында  ғана емес, Краснояр және Станционный кенттерінде жүргізілуде.
Жыл бойы облыстың әр өңірінен келген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қатысуымен жалпы құны 601,5 миллион теңгеге 7 рет азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мұндағы азық-түлік бағасы қала базарларымен салыстырғанда 15-20 пайызға арзан болды.
Енді өндірістен қаланың рухани өміріне ойыссақ. Биылғы еліміз бойынша Қазақ хандығының 550 жылдығы,  Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ата заңымыздың 20 жылдығы және қаһармандық іс-қимылдарымен, терең ғылыми ізденістерімен өзгешеленетін тарихи тұлға, жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдығын ел болып атап өттік. Осы ұлы той аясында Көкшетау қаласының ең көрікті жерлерінің бірі орталық саябақтың төрінен даңқты жерлесімізге еңселі ескерткіш орнаттық.
Айта берсек, астаналық облыс орталығында атқарылған ауқымды жұмыстар бір мақаланың көлеміне сыймасы анық. Негізгісі, қаланың тыныс-тіршілігі, әлеуметтік-экономикалық ахуалы жайындағы ақпараттардан облыс орталығының бүгінгі жағдайы мен жылдың табысты болғанын аңғару қиын емес.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар