Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – басқарма назарында - АРҚА АЖАРЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – басқарма назарында

Кез келген мемлекеттік органның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға арналған кешенді шаралары мемлекеттік қызмет туралы және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларына сәйкес іске асырылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау және мемлекеттік қызметшілердің құқықтық таным деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің жүйесіндегі Ақмола облыстық аумақтық инспекциясында және оның аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелерінде құқықтық ағарту бойынша сабақтар тұрақты түрде өткізіледі. Ағымдағы жылы облыс бойынша агроөнеркәсіптік кешендерде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, кәсіпкерлермен жұмыс істеуде бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру кезінде мемлекеттік инспекторлардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған 16 кеңес өткізілді.
Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күреске бағытталған іс-шаралар халықтың құқықтарын іске асыру бөлігінде ғана емес, Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамасын сақтау жөніндегі белгілі бір міндеттері бөлігінде құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегі жұмысты да қамтитынын ескеру қажет. Инспекция қызметкерлері бұқаралық ақпарат құралдарында өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары мен регламенттерін, кәсіпкерлерді әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің кейбір баптарымен таныстыруды кезең-кезеңімен жариялап отырады, оларды сақтамау мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа байланысты іс-әрекеттерге ғана емес, халық тарапынан қолданыстағы заңнаманы орындамауға әкеп соғуы мүмкін.
Халықты құқықтық жаппай оқыту шеңберінде Қазақстан Республикасы АШМ АӨК МИК аумақтық инспекцияларының ғимараттарындағы жалпы шолу орындарында азаматтарды таныстыру үшін стенділер, бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде облыстық газеттердің сайттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы 10-ға жуық мақала орналастырылды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Ақмола облыстық, сондай-ақ аудандық және қалалық аумақтық инспекциялардың басшылары халықпен қоғамдық диалог құру мақсатында әлеуметтік желілерде 12 рет жүздесті, олардың барысында біздің спикерлер карантин және өсімдіктерді қорғау саласындағы халықты қызықтыратын сұрақтарға жауап берді.
Ақмола облыстық аумақтық инспекциясында және оның аудандық және қалалық аумақтық бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған жүйелі шаралардың бірі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу болып табылады, оны неғұрлым даярланған және жауапты қызметкерлер қатарынан арнайы бекітілген комиссия жүргізеді. Талдау нәтижелері бойынша инспекция қызметкерлерінің өз лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруы кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылданады.
Біздің мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу бойынша жүйелі жұмыс үздіксіз одан әрі жалғасатын болады.
Қанат АЙТҚОЖИН,
ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешені мемлекеттік инспекциясы комитетінің Ақмола облыстық
аумақтық инспекциясының басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар