Ақмола облысының 2021 жылғы демографиялық жағдайы

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2021 жылғы 1 сәуірге дейінгі есеп бойынша Ақмола облысының халық саны 735289 адамды құрады, соның ішінде қалалық жерде 349360 адам, ал, ауылдық жерде 385929 адам тұрады. 2021 жылғы қаңтар-наурызда Ақмола облысында 3018 бала туғаны тіркелді, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 10 процентке көп.

Халықтың 1000 адамына шаққандағы туудың тұтастай облыс бойынша жалпы коэффициенті 16,65 сәбиді (2020 жылғы қаңтар-наурызда – 15,01) құрады. 2021 жылғы қаңтар-наурызда өлгендердің саны 2031 адамды құрады (2020 жылғы қаңтар-наурызда – 1769). Көрсетілген кезең бойынша табиғи өсім 987 адамды (2020 жылғы қаңтар-наурызда – 976 адам) құрап отыр.
Өлім себептері құрылымында бұрынғыша қан айналымы жүйесінің аурулары басым болып тұр. 2021 жылғы қаңтар-наурызда осы аурулардан 444 адам (өлімнің барлық себептерінің 21,9 проценті), тыныс органдары ауруларынан 215 адам (10,6%), жаңадан пайда болған аурулардан 214 адам (10,5%), жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан 129 адам (6,4%) қайтыс болды.
2021 жылғы қаңтар-наурызда 1 жасқа дейінгі 16 нәресте өлімі тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі өлген нәрестелердің саны 15,8 процентке азайды. Перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлардан 2021 жылғы қаңтар-наурызда 12 нәресте өлімі тіркелді, бұл жалпы нәресте өлімінен 75%, тыныс алу мүшелерінің ауруларынан – 2 нәресте немесе 12,5%, инфекциялық және паразитарлық аурулардан және туа біткен ауытқулардан 1 нәресте немесе 6,3 процент, шетінеді. 2021 жылғы қаңтар-наурызда нәресте өлімінің коэффициенті 1000 тірі туған сәбиге, 5,30 оқиғаны құрады.
Ақмола облысы бойынша 2021 жылғы қаңтар-наурызда көші-қонның айырмасы теріс мәнді болды. Ол 1264 адамды құрады. Жақын шетелден келгендердің үлесін Ресей (39 адам), Өзбекстан (2 адам) және Украина (1 адам), алыс шет елдер – Моңғолия және Германия құрады (4 және 1 адам).
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар