Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көктемгі қарбалас күздегі мол несібенің бастауы - АРҚА АЖАРЫ

Көктемгі қарбалас күздегі мол несібенің бастауы

Бүгінгі күнге дейін ақмолалық диқандар 2 миллион 652,5 мың гектар алқапқа дәнді және бұршақты дақылдар, 166,9 мың гектар жерге майлы дақылдар, 103,8 мың гектарға азықтық дақылдар сіңірді, 15,6 мың гектар алқапқа картоп, 3,4 мың гектар жерге көкөніс отырғызды. Жалпы, көктемгі егіс жұмысы 59,1 пайызға атқарылды.

Көктем агроөнеркәсіп кешені жұмысының маңызды кезеңінің бірі болып табылады. Яғни, ауыл шаруашылығы дақылдарын себу жұмысы аграршылар үшін ең жауапты кезең болып отыр. Қазір облыстың жер өңдеушілері алдында уақытылы әрі тиісті агротехникалық деңгейде көктемгі егіс жұмысын жүргізіп, ауыл шаруашылығы дақылдарынан жақсы өнім алудың негізін қалау тәрізді маңызды міндет тұр. Осы жылы облыс алдын ала құрылым бойынша 4982,2 мың гектар алқапта жазғы егіс жүргізуді жоспарлады. Бұл өткен жылғы деңгейден 116 мың гектарға артық. Дәнді және бұршақты дақылдар 4,5 миллион гектар алқапқа егіледі. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 91,8 мың гектар көп. Негізгі азық-түлік дақылы – жазғы бидай 3,8 миллион гектар алқапқа себіледі. Бұл өткен жылғы деңгейден 193,2 мың гектарға артық. Аграрлық секторда бидай өндірісі 91,3 пайызды құрайды. Ғылыми негізделген нормада бидайдың үлесі 65 пайыздан аспауы тиіс. Салада әртараптандыру жүргізу қажеттілігін ылғи түсіндіруге қарамастан, дәнді дақылдар басымдық жағдайға ие.

Егіс алқабы құрылымында бидай дақылдарының оң үлесіне Бурабай мен Целиноград аудандары ие. Майлы дақылдар егісін 222,5 мың гектар алқапта жүргізу жоспарлануда. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 12,8 мың гектарға артық. Егіс алқабы құрылымында майлы дақылдар үлесінің 19,3 пайызы Зеренді ауданына, 15,2 пайызы Бурабай ауданына, 9,9 пайызы Біржан сал ауданына, 7,5 пайзы Бұланды ауданына тиесілі.

Бұл өңірлердегі табиғи климаттық жағдай майлы дақылдар тұқымының ең жоғары өнімін алуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты бұл аудандарда майлы дақылдар тұқымы өндірісіне бет бұру қажет деп есептейміз. Өткен жылмен салыстырғанда майлы дақылдар алқабын Біржан сал ауданы 2,6 мың гектарға, Зеренді ауданы 0,9 мың гектарға, Жарқайың ауданы 0,2 мың гектарға азайтуға жол берген. Жарқайың ауданы майлы дақылдар айналымынан толық шығыпты. Астрахан мен Ерейментау аудандарындағы майлы дақылдардың үлесі 1,1 пайызды құрайтынын атап өткен жөн. Өткен жылдары Жарқайың ауданының майлы дақылдар алқабы 8 мың гектарға, Астрахан ауданы – 21,3 мың гектарға, Ерейментау ауданы-8,4 мың гектарға жеткен болатын.

Әр ауданда майлы дақылдарды өсіруге нақты мүмкіндік бар. Сондықтан, бұл мәселемен айналысу қажет. Тұрғындармен қоса есептегенде картоп 15,6 мың гектарға, көкөніс 3,4 мың гектар жерге отырғызылады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 6,2 мың және 1 мың гектар артық. Кортоп пен көкөніс шаруашылығы саласының басымдығы ірі тауарлық өндіріске бағытталуы тиіс. Тек ірі мамандандырылған шаруашылықтарда картоп пен көкөніс өндірісі және сақтау бойынша қазіргі заманғы механикаландырылған технологияны қолдануға болады. Тұрғындардың картоп пен көкөніс отырғызуы жоғары көрсеткішке жетті. Биылғы жылы егіс алқабы құрылымына сәйкес, 189,6 мың гектар жерге азықтық дақылдар егіледі. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 4,3 мың гектарға артық.

Өкінішке орай, Степногорск қаласы мен Біржан сал, Целиноград аудандары өздерінің азықтық дақылдары алқабын азайтуды жоспарлауда. Біз соңғы жылдары мал шаруашылығы саласын дамыту, жаңа мал бордақылау алаңын құру, мал басын көбейту қажеттігі жөнінде жиі айтамыз. Бұған жақсы азықтық база құрмай, қолжеткізу мүмкін емес. Алға қойылған міндетті орындау үшін егіншілік саласын одан әрі әртараптандыру қажет. Егіс алқабы құрылымын қайтадан қарап, ішкі және сыртқы рыноктардың қажеттілігін қанағаттандырмайтын дақылдар өндірісі көлемін ұлғайту керек. Осыған байланысты басымдық дақылдарды көбейту жағына егіс алқаптарының құрылымын құруды жергілікті жерлерде қайтадан қарау қажет. Егіншілік саласын оңтайлы дамыту кез келген экономикалық жағдайда мал шаруашылығын тиімді дамытуға мүмкіндік береді. Әр ауданға қарақұмық пен картоп алқабын ұлғайту жөнінде айтылды. Бұл тапсырманы орындау мақсатында аудан әкімдері қарақұмық пен картоп алқабын кеңейту жөнінде меморандумға қол қойды. Облыста көктемгі егісті жүргізу үшін ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымымен толық қамтамасыз етілген.

Бүгінгі күні тұқымды тексеру және толық талдау жұмысы аяқталды. «Казагрэкс» акционерлік қоғамының мәліметі бойынша өңірдегі барлық тұқым көлемінің 87,3 пайызы 1 және 2 класты егіс стандартына сәйкес келеді. Бүгінгі күні аталмыш шаруашылықтар 66 мың тонна жоғары сапалы тұқым сатты. Сондай-ақ, көктемгі егісті жүргізудің негізгі кезінің бірі тұқымды ашық аспан астына шығарып, оны дәрілеу болып табылады. Қазір бұл жұмыс толық жүргізілді. Ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын арттыру және топырақтың құнарлығын сақтау үшін көктемгі минералдық тыңайтқыштардың маңызы зор. Бүгінгі күні 50 мың тонна минералдық тыңайтқыш сатып алынып, тасымалдануда. Биылғы жылдың көктемгі егіс науқанына 16 мың сеялка, 1,3 мыңнан астам өнімділігі жоғары егіс кешені пайдаланылуда. Жұмыс жоспарына сәйкес, облыс бойынша 20 жұмыс күнінің ішінде астық дақылдарын себу жоспарланды. Егісте агрегаттардың орташа тәуліктік өнімділігі 230 мың гектарды құрайды. Оның 65 пайызы егіс кешендерімен себіледі деп жоспарлануда. Бұл 3,2 миллион гектар егіс алқабы деген сөз. Биылғы жылдың үш айында 529 дана ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Оның ішінде 128 трактор, 67 комбайн, 22 егіс кешені бар.

Облыста егіс науқанын жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 70 мың тонна кепілдендірілген дизель отынын бөлді. Бұл отын белгіленген
кесте бойынша тасымалданып алынды. Дизель отынының бір литрі 171 теңге тұрады. Биылғы жылы мемлекет облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бюджеттік қаржыдан субсидия түрінде 39,1 миллиард теңге бөлді. Оның 15,9 миллиард теңгесі егіншілікті субсидиялауға бағытталды. Аграрлық несиелік корпорацияның филиалы, ауыл шаруашылығының қаржылық қолдау қоры, несиелік серіктестік, екінші деңгейлі банктер мен микроқаржылық ұйымдар арқылы көктемгі егіс жұмысын жүргізу үшін 316 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші 21,4 миллиард теңге несиелік қаржы алуға өтінім берді. Бүгінгі күні 298 шаруашылық 18,3 миллиард теңге несие алды.

«Азық-түлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Көкше» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының кепілдігімен ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу бойынша жұмыс жүргізуде. Бүгінгі күні Үйлестіру кеңесімен 101 өтінім мақұлданып, 74 ауыл шаруашылығына 10 миллиард теңге несие берілді. 2017-2021 жылдарғы тиімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында селодағы кәсіпкерлікті дамытуға 1,2 миллиард теңге қарастырылды. Шағын несие ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры және аграрлық несие корпорациясы арқылы берілуде. Біздің алдымызда субсидия мен несие түрінде бөлінген бюджеттік қаржыны толық әрі мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету, форвардтық сатып алу бағдарламасы аясында кепілдендірілген астықты қайтару, жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізу тәрізді негізгі міндет тұр.

Димаш ТАЛАСБАЕВ,
Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасының басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар