Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ақмола облысының түлектерін құттықтады - АРҚА АЖАРЫ

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ақмола облысының түлектерін құттықтады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің «Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған салтанатты жиынына қатысты.

Целиноград ауданындағы Талапкер орта мектебі 2012 жылы пайдалануға берілген. Мектеп 900 орындық, қазіргі кезде онда 1865 оқушы білім алып жүр.
Талапкерлік мектеп оқушылары әр түрлі республикалық, облыстық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.

Биыл мектепті 75 түлек бітіргелі жүр, ал 123 – 9 сыныптың оқушылары. Олардың ішінде 4 «Алтын белгі», 6 үздік аттестатқа үміткерлер бар.
«Міне, оқу жылы де өз мәресіне жетті. Бұл оқу жылы барлық оқушылар мен студенттер үшін оңай болған жоқ. Дүние жүзінің білім саласы пандемия деген сынақтан өтті» – деп бастады өз сөзін Асхат Қанатұлы.

«Білім және ғылым министрі ретінде тағы айтқым келеді, ең мықты үздік оқушыларға, ең мықты үздік түлектерге «мұғалім» мамандығын таңдауға шақырамын. Өйткені болашақтың кілті ұстаздардың қолында. Елімізді дамыған елдердің ішіне қосамыз десек, онда бізге мықты мұғалімдер керек. Ол үшін мықты, үздік оқушылар «мұғалім» мамандығын таңдау керек. Ол үшін біз тиісті жағдай жасап жатырмыз.

Мемлекет басшысының қолдауымен ұстаздардың жалақысы өсіп жатыр. Оны тағы екі есе өсіреміз. Тиісті қолдау жасап, әрі қарай тиісті жағдайды жалғастырамыз. Мұғалімге оқып жүрген студенттердің стипендиясы ең жоғары, сондықтан ең мықты түлектер мұғалім маамандығын таңдайды деп үміттенемін – деді өз сөзінде Асхат Аймағамбетов.

Асхат Қанатұлы мектептің түлектерімен тағы бөлек сөйлесіп, көңіл-күйлері туралы да сұрады. «Сіздерге ҰБТ-да жақсы балл алуды тілеймін. Барлығы өздеріңіздің қолдарыңызда. Тек қана дұрыс жол таңдап, білім алып, ары қарай жолдарыңыз ашылсын» деп тілек білдірді.

Оған қоса министр мектеп бітірушілерімен өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, қиындық пен қателік жасаудан қорықпау керектігін айтты. Ата-аналардың кеңестерінің маңыздылығын де атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар