Қазақстанда өткен тәулікте 768 адамда коронавирус індеті ПТР-сынама арқылы расталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы — 73, Алматы қаласы — 125, Шымкент қаласы — 21, Ақмола облысы — 62, Алматы облысы — 59, Атырау облысы — 29, Шығыс Қазақстан облысы — 70, Жамбыл облысы — 16, Батыс Қазақстан облысы — 39, Қарағанды облысы — 149, Қостанай облысы — 36, Қызылорда облысы — 8, Маңғыстау облысы — 9, Павлодар облысы — 51, Солтүстік Қазақстан облысы — 13, Түркістан облысы — 8.
Айта кетейік, 6 маусым күні коронавирустың жаңадан 989 жағдайы анықталған болатын. 5 маусымда 1 191 оқиға тіркелді. Жалпы, пандемия басталғалы елімізде коронавирусқа 395 832 адам шалдықты.
Дереккөз :www.inform.kz