Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Банк секторының қадағалау саясатының негізгі басымдықтары туралы - АРҚА АЖАРЫ

Банк секторының қадағалау саясатының негізгі басымдықтары туралы

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова банктердің стрестік активтер деңгейін төмендету бойынша қадағалау жоспарларын орындауы және 2021 жылғы 5 айдағы активтер сапасын бағалау нәтижелері бойынша түзету іс-шаралары туралы айтып берді.

Экономика мен банк секторына қолдау көрсету бойынша дағдарысқа қарсы уақтылы қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы екі жылда жұмыс істемейтін кредиттердің деңгейі 7,4%-дан 6,9%-ға дейін төмендеді. Жыл басынан бері банк жүйесі бойынша жұмыс істемейтін кредиттердің көрсеткіші жекелеген банктердің кредиттік портфельдеріне экономикалық белсенділік құлдырауының кейінге қалдырылған әсер етуінің нәтижесінде 6,9%-дан 7,6%-ға дейін аздап өсті. Жүйе бойынша жұмыс істемейтін қарыздардың 132 млрд теңгеге ұлғаюы жекелеген банктер бойынша провизиялармен 100% өтелген және банк секторына қауіп төндірмейтін NPL өсуімен байланысты болды.

Ағымдағы жылдың басынан бері банк секторы көрсеткіштерінің оң өсу серпіні сақталды. Банктердің активтері 5,9%-ға, банктердің экономикаға кредиттері 3,3%-ға өсті. Корпоративтік секторды кредиттеудің өсуі 0,8%-ды құрады, бұл банктерде шығындарды тану және жұмыс істемейтін кредиттерді есептен шығару процестерінің жалғасуына байланысты.

Агенттік реттеушінің қаржы нарығына қатысушылар үшін жүргізіп отырған қадағалау саясатының ашықтығы мен болжамдылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда. Бұл үшін Агенттіктің 2021 жылға арналған қадағалау саясатының негізгі басымдықтары алғаш рет әзірленіп, жарияланды, олар қаржы қоғамдастығымен алдын ала талқыланды және Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес мақұлдады. Қаржы қоғамдастығымен қаржы секторын реттеу мен дамытудың өзекті мәселелерін талқылау бойынша тоқсан сайынғы кездесулердің кестесі бекітілді.

Бұған қосымша, ағымдағы жылы Агенттік банктердің нақты қаржылық жай-күйінің толық көрінісін алу үшін активтердің сапасын тұрақты бағалау және қадағалап стресс-тестілеу құралдарын енгізу арқылы қадағалау процесін жетілдіруді жоспарлап отыр. Активтердің сапасын бағалауды ағымдағы жылы Агенттік пен банктердің ақпараттық жүйелерін автоматтандыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру аяқталғаннан кейін оны жыл сайын бүкіл банк секторына қатысты жүргізе отырып, жекелеген банктер бойынша пилоттық режимде жүргізу болжанып отыр.

Банктерді қадағалау саласындағы заманауи және тиімді халықаралық практикаларды іске асыру мақсатында Агенттік банктердің тәуекелдерін бағалаудың статистикалық модельдері негізінде қадағалап стресс-тестілеу әдіснамасын кеңейтуді жоспарлап отыр. Қадағалап стресс-тестілеу экономиканы дамытудың стрестік жағдайларында банктер капиталының жеткіліктілігін бағалауға мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы Агенттік қадағалап стресс-тестілеуді пилоттық режимде жүргізуді жоспарлады.

Агенттік тәуекелге бағдарланған қадағалау құралдарын кеңейту бойынша жұмысты жалғастырды. 2021 жылы Агенттік капиталға арналған жеке қадағалау үстемесін есептеу әдіснамасын және оны банк саласының тәуекеліне байланысты қолдану тәртібін әзірлейді, ол реттеушінің қадағалау практикасына 2022 жылдың соңына дейін енгізілетін болады.

Банктердің капитал жеткіліктілігін (ICAAP) және өтімділігін (ILAAP) бағалау бойынша ішкі рәсімдерге және саясаттарға негізгі тәсілдер мен қағидаттар тәуекелдерді басқару жүйесіне талаптармен регламенттелді. 2021 жылдың соңына дейін жаңа үлгі нысандарды бекіте отырып, банктердің ICAAP және ILAAP бойынша ішкі рәсімдерді және саясаттарды бағалауға реттеушілік талаптар жетілдірілетін болады.

Ағымдағы жылдың соңына дейін кредиттік құнсыздану өлшемшарттарын кеңейту және кепілмен қамтамасыз етуді бағалауға талаптар белгілеу мәселелері бойынша активтердің сапасын бағалау нәтижелері бойынша реттеушілік бастамаларды енгізу жүзеге асырылады.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мынадай телефонға хабарласыңыздар: +7 (727) 237 1000

 Баспасөз қызметі

+7 727 237 1090

press@finreg.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар