Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кредиттер мен микрокредиттер бойынша сыйақының шекті мөлшерлемелерін саралау туралы - АРҚА АЖАРЫ

Кредиттер мен микрокредиттер бойынша сыйақының шекті мөлшерлемелерін саралау туралы

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кредиттік ұйымның және қарыздың түріне қарай сыйақы мөлшерлемелерінің сараланған шекті мәндерін енгізді. Агенттік Басқармасының тиісті «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» № 49 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) 2021 жылғы 15 наурызда қабылданды.

2011 жылдан бастап банктік қарыздар мен микрокредиттердің барлық түрі бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) бірыңғай болып, 56%-ды құрады.

Қаулының қабылдануымен банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша сыйақының шекті мөлшерлемелері сараланды:

  • кепілсіз банктік қарыздар бойынша ЖТСМ-нің шекті мәні 56% деңгейінде сақталды;
  • кепілді банктік қарыздар бойынша ЖТСМ-нің шекті мәні 56%-дан 40%-ға дейін төмендетілді;
  • ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша ЖТСМ-нің шекті мәні 56%-дан 25%-ға дейін төмендетілді;
  • микрокредиттер (кепілді және кепілсіз) бойынша ЖТСМ-нің шекті мәні 56% деңгейінде сақталды;
  • 45 күнге дейінгі мерзімге 50 АЕК-ке дейінгі сомаға берілетін кепілді микрокредиттер бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесінің шекті мәні 30%-дан 20%-ға дейін төмендетілді.

ЖТСМ – бұл банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның қызметтері бойынша дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелген (нақты құны) сыйақы мөлшерлемесі.

Қарыз бойынша ЖТСМ есебіне клиенттің негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдері, сондай-ақ қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдер, оның ішінде:

1) егер сақтандыру жағдайы басталған жағдайда сақтандыру шарты бойынша пайда алушы кредиттік ұйым болса, клиенттің сақтандыру ұйымының пайдасына төлемдері;

2) клиенттің кепілдікті (кепілгерлікті) алғаны үшін кепілдеме берген адамға (кепілгерге), кепілге берілетін мүлікті бағалағаны үшін бағалаушыға төлемдері;

3) клиенттің клиенттерді тарту, клиенттер ұсынатын құжаттарды қарыз беру талаптарына сәйкестігіне тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке беру, қарыздарды өтеу есебіне клиенттерден төлемдер мен аударымдарды қабылдау бойынша кредиттік ұйымға қызметтер көрсететін ұйымдардың (делдалдардың) пайдасына төлемдері кіреді.

ЖТСМ-ді есептеу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 137 және 2019 жылғы 26 қарашадағы № 208 қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады.

Клиенттен алынатын комиссиялар мен төлемдердің тізбесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 218 қаулысымен бекітілген.

Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың сыйақы мөлшерлемелерінің шекті мөлшерлерінен асып кетуі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылар қарыз бойынша ЖТСМ мәнін Агенттіктің сайтында өз бетінше есептеп, тексере алады.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мына телефонға хабарласыңыздар +7 (727) 237 1000

 Баспасөз қызметі

+7 727 237 1090

press@finreg.kz

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар