Бурабайда «WELKOM BURABAI» жазуына соғылған көліктің жүргізушісі әкімшілік жазаға тартылды

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға маусымның 13-де кешкі сағат 20:40 шамасында орын алған. «Шкода Супер Б» көлігінің автожолдың 16 шақырымында айналма жолдан өте бергенде көліктің дөңгелегі жарылған. Салдарынан жүргізуші көлікті басқара алмай «WELKOM BURABAI» жарнамалық жазуына соғылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ, автокөлікке техникалық зақым келді.

Осыған  байланысты 1986 жылғы жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 610 бабының 1-ші бөлігі «көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар