Еңбек десе ішер асын жерге қоятын жан алдымен, жол жөндеу саласының үздігі атанды. Кейін мамандығын ауыстырып, 2000 жылдан бері егіншілікпен айналысып келеді. Білікті басшы айналасына еңбексүйгіш адамдарды жинай білді. Олармен ортақ тіл табысты. Жағдайларын жасады. Бұған разы болған диқан қауымы егістік алқабынан алар өнімнің өнімділігі мен сапалылығына бір кісідей назар аударды. Осының арқасында серіктестік өткен жылы 1700 гектар егістік алқабының әр гектарынан 16,2 центнер астық алды. Серіктестік директоры Владимир Балашовтың еңбегі ескерусіз қалмай, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Мәулен АЖЫҚАНОВА.
Аршалы ауданы.