Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Президент Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады - АРҚА АЖАРЫ

Президент Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстандағы қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал және тұрғындарға екпе салу барысы туралы есеп берілді.

Министрдің айтуынша, жалпы еліміздегі ахуал тұрақты, өткен айлармен салыстырғанда індет жұқтырғандардың саны екі есе қысқарған. Республика бойынша өлім-жітім көрсеткіші 2 аптаның ішінде 1,6 есе төмендеген. Өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына байланысты ауруханаларда ем алып жатқан науқастардың саны азайған.

16 маусымдағы жағдай бойынша Мемлекет басшысына ұсынылған мәліметтерге сәйкес COVID-19 індетіне қарсы вакцинаның бірінші компоненті 2 миллион 587 мың адамға, екінші компоненті 1 миллион 480 мың адамға салынған. Күн сайын шамамен 80-100 мың адамға екпе егіледі. Өңірлерде вакцина тапшылығы жоқ. Вакцина кестеге сәйкес жеткізілуде.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықты вакциналау мәселесіне назар аударып, өңірлер бойынша аталған бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Президент екпе егу коронавирус індетін еңсерудің бірден-бір жолы екенін еске салып, халықты Қазақстанда қолжетімді вакциналарды белсенді түрде салғызуға шақырды.

Мемлекет басшысы дәрігерлерді қорғау мәселесіне арнайы тоқталды. Оның пікірінше, медицина қызметкерлерінің құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан қорғалуы әлі де төмен деңгейде қалып отыр. Осы орайда дәрігерлердің мәртебесін айқындаудың және оларды ынталандырудың кешенді жүйесін енгізу қажет.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алексей Цойға медицина қызметкерлерінің мәртебесін қолдау жөніндегі заңнамалық бастамаларды пысықтауды тапсырды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар