Ауыл мұғалімдері уақытылы жалақы алатын болады

Бұл туралы Antikor.LIVE жобасының кезекті спикері – Ақмолалық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов мәлімдеді.

Білім саласының мамандары, тәуелсіздік жылдарында елді мекендер мен қалаларда білім беру сапасының айырмашылығы байқала бастағанын, алшақтық шамамен 2 жылды құрайтынын айтады. Мұның себебі-білім беру мекемелерін әр түрлі қаржыландыруы. Осындай олқылықты жою үшін қаржыландыру жүйесін облыстық білім басқармасының тікелей қарамағына беру туралы заң қабылданды деп, өз қуанышын білдіруде.

Еңгізілген жаңашылдықтар білім беру саласындағы басқару органдарының кадр құрамының сапасын арттыруға ғана емес, сондай-ақ басқару органдарының басшы құрамын тағайындау кезінде объективтілікті, тиімділікті, сондай-ақ үйлесімділікті бірлескен шешіммен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

2020 жылы «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсеге жалақы, оған қоса еңбек демалысының уақытылы түспегені бойынша ауылдық ұстаздардың шағымдары көптеп түскен болатын. Осыған орай, бүгінгі таңда ауылдық мектептердің аймақтық деңгейге тәуелді болғаннан кейін, жергілікті жобалық кеңсенің жетекшісі Самира Тайтенова тікелей эфир аясында облыстық білім басқармасының дайындығына күмән келтірді.

«Өткен жылы жалақыны дұрыс есептемеу, қаржылық бұзушылықтар, жоспарлау, қаржыландыру кезіндегі субъективизм сияқты мәселелер болды. 2021 жылы білім беру саласына бөлінген жалпы сома 130,9 млрд теңгені құрады. Бүгінгі таңда, қаржыландырудың ашықтығын, айқындығын және тиімділігін қамтамасыз ету үшін «бұлтты бухгалтерия» енгізілді.

«Бұлтты бухгалтерия» сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және шығыстардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беріп, бухгалтерлік және салықтық есептердегі бұзушылықтар саның едәуір қысқартып, бақыланбайтын шығындар тәуекелдерін барынша азайтты. Сондай-ақ бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алу, тарифтеу және есепке алу процесстері автоматтандырылды. Осындай жаңашылдықтардың нәтижесінде, ұстаздар қауымы киындыққа тап болмайтынына сенеміз» – деп спикер атап өтті.

2020 жылдың желтоқсанында арнайы комиссия бухгалтерлік есеп ұйымының бұлтты жүйесімен айналысатын ұйымдарды қарастырудың нәтижесінде, облыстық білім басқармасы «Гелиос софт» ЖШС-мен шарт жасасып, наурыз айынан бастап оқытуды бастады. Бүгінгі таңда, «Фаворит-мектептер» бағдарламасы бойынша 3 мыңға жуық білім беру қызметкері онлайн-оқытудан өтуде. Одан әрі кесте бойынша штаттық режимде оқыту ұйымдастырылатын болады.

Өз кезегінде, Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті Antikor.LIVE жобасы аясында әлеуметтік желілілердегі ресми парақшаларда әр апта сайын тікелей эфирде қызықты тақырыптар қозғалатынын еске салады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар