Өңірде бірнеше ай бойы тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Менің Отаным – менің Қазақстаным» сәндік-қолданбалы өнер шеберлері мен қолөнершілерінің облыстық байқауының аудандық кезеңдері өтуде, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
Бүгін Степногорск қаласында шеберлердің шығармашылық жұмыстарының көрмесі өтті. Іс-шара достық және шығармашылық үйінде өтті.
«Жергілікті шеберлер көрмеге 150-ден астам бұйым ұсынды. Бұл – ағаштан, киізден, фетрден, тоқымадан, бисерден жасалған жарқын жұмыстар, кесте тігу, тоқу, ұлттық нақыштағы бұйымдар, жайма, түрлі техникадағы суреттер және басқа да бұйымдар. Әр өнімнің өзіндік ерекшеліктері бар. Әдемі сурет, мүсіндерден басқа, олар терең тарихты сақтайды, бұл келушілердің білімін байытады. Шеберлер өз жұмыстарында Отанға деген патриоттық сезімдерін, халқымыздың мәдениеті мен дәстүрлерін көрсетті», – деді қаланың ішкі саясат бөлімінде.
Байқауға қатысушыларды құрамында «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ермек Нұғыманов, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Күләш Рахымжанова, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Амангелді Ақынов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Фарида Есжанова бар қазылар алқасы бағалады.
«Шеберлер көрмесі бізді ондағы жұмыстардың әсемдігімен, алуан түрлілігімен, орындау техникасымен таң қалдырады. Мұндай көрмелер өте маңызды. Олар мүмкіндігінше көп болуы керек. Біз барлық қолөнер шеберлеріне алғыс айтамыз. Бұл біздің рухани жаңғыруымызға қосқан тағы бір үлесіміз», – деп атап өтті қазылар алқасы.
Байқау қорытындысы бойынша тоқу бойынша түрлі жұмыстарды ұсынған Екатерина Пушкарева Гран-При иегері атанды.
Іс-шара соңында бірлік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін «Қоғамдық келісім» КММ басшысының Алғыс хаттарымен қаланың бірқатар белсенді тұрғындары марапатталды.