Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы және еліміздің бас қаласы – Нұр-Сұлтан қаласының күнін мерекелеу шеңберінде Ақмола облысы бойынша бірқатар іс-шаралар жоспарланып, іске асырылуда.
Осыған байланысты, Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығы осындай атаулы мереке аясында Көкшетау қаласының орталық саябағында «We are together with NS» атты фотобайқауын ұйымдастырды. Бұл іс-шара мәдениет пен рухани құндылықтарды насихаттау, жастар арасында фотоөнерді және қоғамдағы мейірімділік, махаббат және адамгершілік идеяларын насихаттау, сондай-ақ патриотизмді, Отанға және елордамызға деген сүйіспеншілікті насихаттау мақсатында өткізілген болатын.
Байқауға қатысуға өтінім беру кезеңі ағымдағы жылдың 26 маусымы мен 1 шілдесі аралығында болды. Сонымен қатар жас ерекшеліктері бойынша шектелмеген кәсіби, бастаушы және әуесқой фотографтардан тұратын облыс тұрғындарының фотолары қабылданды. Қатысушыларға қойылатын негізгі техникалық талаптардың бірі – фотосуреттер 1800х2550рх кем емес рұқсаты бар JPEG форматында болуы тиіс екендігі ескертілген болатын.
«Бұл фотобайқауға кәсіпқой немесе әуесқой болсын, кез келген адам қатысты. Іс-шараның тақырыбы – Біздің Елордамыздың аясында түсірілген фото болатын. Байқауға Ақмола облысының барлық аймақтарынан жіберілген 200 – ден астам фотосуреттер ұсынылып, Елорда күнін мерекелеу аясында, астанамыздың көрікті жерлерін насихаттау мақсатында фототүсірілім ұйымдастырылды», – деп атап өтті жастармен жұмысты үйлестіру бөлімінің басшысы Жанарисова Мақпал.
Шара жеңімпаздарын ең үздік фотосуреттерді бағалай отырып, өтіп бара жатқан адамдар қойған лайктар саны бойынша анықталды. 1-орынды Сандықтау ауданынан жіберілген Тагиева Карина иеленсе, 2-орынды Біржан Сал ауданынан Шәменова Әйгерім, ал 3-орынды Егіндікөл ауданынан Қасенов Әнуар қоржына салды.
Барлық жеңімпаздар сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.
Ақмола облысы
жастар-ресурстық орталығының
баспасөз қызметі