Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үш өңірде вакцинация паспортын сатып келген адамдар ұсталды – Марат Ахметжанов - АРҚА АЖАРЫ

Үш өңірде вакцинация паспортын сатып келген адамдар ұсталды – Марат Ахметжанов

Кеше еліміздің үш өңірінде вакцинация паспортын сатушылар ұсталған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Медицина мамандары вакцианлау паспорттарын қолдан жасауға дейін жетіп отыр. Кеше ғана үш өңірде вакинация паспорттарын сатып келген медицина қызметкерлері ұсталды. Олар іс жүзінде екпе алмаған адамдар құжат рәсімдеп, вакцинаның көзін жойып отырған.
Көріп отырғандарыңыздай халықтың денсаулығы баюдың көзіне айналған. Ал бюжеттен бөлінген ақша желге ұшып жатыр», — деді Марат Ахметжанов агентіктің алқа мәжілісінде. Оның сөзінше, вакцинация паспортын жасаушылар сыбайлас жемқорылққа ғана барып қоймай, қоғам қауіпсіздігін бұзып отыр.
«Құрметті әріптестер, вакцинация туралы жалған паспорт алған адамдар арамызда жүргенін, ғимаратта бірге болып, бізбен бірге көлікте кетіп бара жатуы мүмкін екенін айтқым келеді. Бұл жерде тек қана жемқорлық қылмысы жасалып отырған жоқ. Сонымен бірге қоғамның, ұлттың денсаулығына қауіп төніп тұр. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді», — деді агенттік төрағасы.

Дереккөз: www.inform.kz

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар