Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сарбаздар ортасында - АРҚА АЖАРЫ

Сарбаздар ортасында

 «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының Аналар кеңесі және «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің мүшелері 5510 әскери бөлімінің сарбаздарымен кездесті.

  Шара барысында бөлім командирі Жанболат Төлегенов қонақтарға әскери бөлімді таныстырып, бүгінгі таңда Қарулы Күштерге жүктелген жауапкершілік жүгі арта түскенін айтты. Мұндағы сарбаздардың міндетіне түзеу мекемелерін күзету, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, төтенше жағдайлардан адамдарды құтқару, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне қолдау көрсету кіреді. Бұл Отан қорғаушылардың бұрынғыдан да қырағы, жедел болуын талап етеді.  
«Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов жастарға Елбасының биылғы Жолдауында айтылған «Мәңгілік ел» идеясын кеңінен түсіндіріп берді.  
– Шынында да, қай ел, қай халық болмасын, жер бетінде мәңгі жасауға ұмтылады. Еуразияның ортасында ұлан-байтақ жері бар, миллиондаған адам сөйлейтін тілі бар, қасиетті діні бар халқымызға сан ғасырлар бойы жетпегені тәуелсіздік еді. Сондықтан, осынау байтақ жерді білім мен ерлікпен қорғап ұстау керек. Ол үшін бүгінгі жас ұрпақ саналы, тәрбиелі, білімді болуы шарт, – деп атап өтті.
Ал, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Еспайқызы сарбаздарға аналық ақылын  айтып, рухтарын жігерлендірді. Өз кезегінде әскери бөлім басшылығы  меймандарға ризашылық білдіріп, осындай келелі кездесуден үлкен әсер алғандықтарын жеткізді.
Динара ЖӘМШИТОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар