Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ел болашағы – жастардың қолында - АРҚА АЖАРЫ

Ел болашағы – жастардың қолында

 Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауларында жастар мәселесін ешбір назардан тыс қалдырған емес. Бұл жолғы Жолдауында да Ұлт Көшбасшысы жастарды білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға шақырып, оларға үлкен сенім артып отыр. Сондықтан, біз Ақмола облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ринат Галлямовқа жолығып, осы тақырыпта ой өрбіткен едік.

 

– Мемлекет басшысы  өзінің «Қазақстан жаңа жаhандық нақты  ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауында қазіргі бүкіләлемдік жаhандық дағдарысты жеңудегі нақты қадамдарды көрсете отырып, жақын уақытта мемлекет ішінде жүзеге асырылатын дағдарысқа қарсы және құрылымдық қайта құрылуға бағытталған бес бағытты жариялады.
Елбасымыз өз Жолдауында жаңа әлеуметтік саясатты құру тапсырмасын жүктеп, әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің басымдылығы адамзат капиталының дамуындағы үлкен көлемді инвестициялар болып табылатындығын баса айтты.
Президент өзінің жыл сайынғы Жолдауында жас ұрпаққа баса назар аударады. Өйткені, қазіргі Қазақстан жастары болашақ өзгерістердің басты факторы болып табылады. Жоғары және кәсіби білім беру орындарында студенттердің материалдық деңгейін қамтамасыз ету  мақсатында шәкіртақы көлемі ұлғайтылды. «Барлығына кәсіби-техникалық тегін білім алу» бағдарламасы біздің жастарымызға кедергісіз қажетті қызмет мамандықтарын алып, мемлекеттің жаңашыл саясатына өз үлестерін қосуға мүмкіндік береді.
Біздің басқарма бойынша үстіміздегі жылы халықты жұмыспен қамтудың өзекті мәселелерін шешу, сонымен қатар, жастар өкілеттілігін кеңейтудің жол картасы жасалды. Қазіргі кезде Ақмола облысында жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған біраз шаралар қолға алынуда.
Облыста жастар жұмыссыздығы 2,7 пайызды құраса, жұмыс істемейтін және оқымайтын жастар үлесі  7,7 пайызды құрайды. Сондықтан, өткен жылы осы жағдайды жақсартуға күш салынып, «Жастардың іс-тәжірибесі» бағдарламасы аясында жергілікті бюджет есебінен 658 жас жұмысқа орналастырылды. «Дип-ломмен – ауылға!» бағдарламасының қатысушылары 403 адамды құрады, оларға 56 миллион теңге көлемінде көтерме жәрдемақы, тұрғын үй сатып алуға немесе тұрғын үй құрылысына 547 миллион теңге көлемінде 199 жеңілдетілген несие-лер берілді. Жастарды еңбекке тартуды ұйымдастыру мақсатында жастар еңбек жасақтары құрылып, 2 400 жас жұмыспен қамтылды.
Облыста 20 жастар ресурстық орталықтары жұмыс істеуде. 2015 жылы осы орталықтармен 100 000 адамды қамтыған 1800-ден астам іс-шара өткізіліп, жастарға 1100-ден астам ақыл-кеңес берілді, оның 415-і жұмыспен қамту мәселесіне қатысты болды.
Жастарды қолдау мен олардың өзекті мәселелерін шешу бойынша басқа да жұмыстар жүргізілуде. 2015 жылы облыс әкімінің атаулы шәкіртақысының басым бөлігі медицина мен теология мамандықтарында оқитындарға бөлінді. Атап айтар болсақ, медицина саласындағыларға 20, теология саласы бойынша 4 шәкіртақы берілді. Аталмыш мамандықтарда оқитын студенттер арасында жасалған келісімшарт негізінде олар оқуларын тәмамдаған соң облыс аймағында үш жыл көлемінде қызмет атқаруы тиіс.  
Облыс әкімінің атаулы шәкіртақысын жалпы алғанда, жоғары оқу орындарының 226 студенті  иеленді. Облыста жастарға отансүйгіштік пен рухани-адамгершілік тәрбие беру аясында 60 мыңнан астам жастарды қамтыған 800 кешенді іс-шара өткізілді. Басқармамен 80 адам әртүрлі республикалық және халықаралық са-йыстар мен фестивальдарға жіберіліп, олардың көбі жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, жүлделі орындарды иеленді.
Жергілікті жерлерге шыққан «Елбасымен жастардың 100 қадамы» жас-
тар ақпараттық-насихат тобының  іс-шараларына облыстың барлық 17
ауданынан 15 мыңнан астам адам тартылды.
Бүгінгі таңда әлемде орын алып отырған дағдарыс бізден әлеуметтік-экономикалық өмір ахуалындағы өзгерістерге бейімделуді талап етеді. Елімізде болып жатқан белсенді үрдістердің қозғаушысы жас-тар болуы тиіс. Қазақстанның қазіргісі мен болашағы жастардың қолында. Біз  Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыруға  белсенді қатыса отырып, еліміздің әрі қарай дамып, өркендеуіне барлық күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз.

Әңгімелескен Жанат СӘБИТОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар