Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Берілген соңғы мүмкіндік - АРҚА АЖАРЫ

Берілген соңғы мүмкіндік

 Азаматтардың  көлеңкеде қалып келген жеке мүлкі мен қаржысын жария ету мемлекетке де, адамдардың өздеріне де тиімді шара болып табылады. Олар көлеңкедегі мүліктері мен ақшасын жария ету арқылы оның пайдасын көруге, ал, мемлекет содан түсетін салық  ретінде бюджетті толықтыруға мүмкіндік алмақшы.

  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Респуб-ликасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 13 қарашадағы № 400-V Заңына сәйкес, мүлікті жария етуді өткізу шарттарына өзгерістер енгізілген болатын. Аталмыш заң мүлікті жария етуге мүмкіндік ашты және оған қосымша мүлікті жария етуге қатысты азаматтарға біршама жеңілдіктер де қарастырылды. Дегенмен, соған қарамастан, өткен жылы осы мүмкіндікті пайдалануға ықыласты азаматтар саны оншалықты көп бола қойған жоқ.

Осыған байланысты  мүлікті жария ету 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылып отыр. Елбасының өзі бұл азаматтарға көлеңкедегі мүліктері мен қаржыларын жарыққа шығаруға берілген соңғы мүмкіндік екенін ескертті.

Өткізіліп жатқан науқанға қолайлы әрі тартымды жағдай жасау және халықтың белсенді қатысуын жүзеге асыру мақсатында жария ету рәсімі жеңілдетіліп, салық органдарымен өзара қарым-қатынастарды реттеуге және болашақта пайда болуы мүмкін талаптардың алдын алуға мүмкіндік беретін, жария ету субъектілері үшін қосымша кепілдіктер енгізілген.
Бұл ретте жария ету субъектілері үшін кепіл ретінде жария ету кезінде алынған ақпараттың қылмыстық іс бойынша дәлел болу мүмкіндігін алып тастау, салық заңдылығына мүлікті жария ету кезінде салық төлеушіге қатысты мемлекеттік кіріс органдарымен алынған ақпараттың берілуіне тыйым салу жөніндегі жария етілген мүліктің тәркіленуіне тыйым салу нормаларын қолданысқа енгізу қарастырылған.
Әкімдіктердің жанындағы комиссияда мүлікті жария ету бо-йынша Қазақстан Республикасының аумағындағы ие болу құқығы тиісті түрде рәсімделмеген жылжымайтын мүлік жария етіледі. Одан басқа мүлік бойынша Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде орналасқан мүлікті жария ету мүліктің орналасқан жері бойынша немесе жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыру арқылы жүргізіледі.
Шетелде орналасқан мүлік бойынша, жария етілетін мүлік құнынан 10 пайызы көлемінде алым төленеді. Сонымен бірге, шетелде орналасқан сенімгерлік басқаруға берілген мүлікті жария ету мүмкіндігі де қарастырылған.
Мүлікті жария етуді жүргізу мақсатында ұсынылатын құжаттардағы мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, салықтық, банктік және өзге де заңмен қорғалатын құпия болып танылады.
Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері, сондай-ақ комиссия мүшелері мұндай мәліметтер мен ақпараттарды, көрсетілген органдар мен ұйымдарда жұмыс істеу кезеңінде, сонымен қатар өздері жұмыстан шығарылғаннан кейін де таратуға заң арқылы тиым салынады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделмеген, Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету аудан (қала) әкімдіктерінің жанындағы комиссияға жария ету субъектілерімен мынадай құжаттарды тапсыру арқылы жүзеге асырылады:
1) мүлікті жария етуді өткізу үшін екі дана өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері;
3)  жария етілетін нысанның құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестігін ғимараттар мен құрылыстардың техникалық тексеруін жүзеге асыратын аттестаттаудан өткен сарапшының қорытындысы;
4) жылжымайтын мүлік нысанының техникалық төлқұжаты.
Өтінішті  комиссия арыз берілген күннен бастап отыз күнтізбелік күннің ішінде қарастырады. Комиссия белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделмеген, Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету жөнінде шешім шығарады және  мәліметтерді жария етілген мүліктің тізіліміне енгізеді.
Аталмыш  акцияның жария ету субъектілеріне ақша, мүліктің заңды айналымға қайтарылуына және бұдан бұрын тіркелмеген мүлікті тіркеуге немесе тіркеу деректерін өзгертуге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. Бұл шара көлеңкелі экономиканың қысқаруына, ел экономикасына қосымша қаржылық қаражаттардың түсуіне, инвестициялардың ұлғаюына, ең бастысы, халықтың әл-ауқатының жақсаруына  септігін тигізеді.

Айша Жанәділова,
облыстық қаржы басқармасының
бөлім басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар