Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы бірінші партиялық тізімді – «Нұр Отан» партиясының тізімін тіркеді.
127 кандидаттың ішінде жеті ұлттың өкілі бар.
23 пайыздан астамы – әйел адамдар.
«Нұр Отан» партиясының партиялық тізіміне енгізілген кандидаттардың 60 пайызына жуығы 55 жасқа дейінгі адамдар, олардың ең жасы – 26 жаста.
Партия ұсынған 33 кандидат Парламент Мәжілісінің депутаты болған.
Сондай-ақ, ғылым, мәдениет және білім беру қайраткерлері, белгілі спортшылар, коммерциялық құрылымдардың, мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметкерлері ұсынылған.
Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ.Тұрғанқұлов ҚР ОСК-ның отырысына қатысқан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары А.И.Мырзахметовке Қазақстан Респуб-ликасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың куәлігін тапсырды, сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясынан партиялық тізімге енгізілген Мәжіліс депутаттығына барлық кандидаттардың куәліктерін берді.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес саяси партиялардың тізімдерін тіркеу ағымдағы жылғы 19 ақпанға дейін жалғасады, ал 20 ақпаннан бастап партиялар үгіт жұмысына кірісе алады