Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Аshyq» қосымшасы арқылы жұмыс істеуде - АРҚА АЖАРЫ

«Аshyq» қосымшасы арқылы жұмыс істеуде

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрбек Қайыржановтың қатысуымен «Халыққа қызмет көрсету орталықтарының карантин режиміндегі жұмысы» тақырыбында брифинг болып өтті.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Ақмола филиалында 24 офис жұмыс істейді. 2021 жылдың жеті айы ішінде 383 665 мемлекеттік қызмет көрсетілді: оның ішінде дәстүрлі тәсілмен (қағаз түрінде) 382 563 қызмет көрсетілсе, 1 102 электрондық қызмет көрсетілген. Ақмола облысы бойынша 1414 бірыңғай байланыс орталығына 3030 өтініш келіп түсті, оның 255-і алғыс болса, 48-і шағым. Қазіргі таңда Көкшетау қаласы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ғимаратынан тыс өзіне-өзі қызмет көрсетудің 31 секторы жұмыс істейді. Оның 12-сі мектептерде, 11-і екінші деңгейлі банктерде (Сбербанк, Тұрғын үй жинақ банкі, Центр кредит Банкі, Альфабанк, Нұрбанк, Фортебанк, Халық банкі), қалғандары Көкшетау қалалық білім бөліміне қарасты ұйымдарда және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында орнатылған. Сондай-ақ, «Смарт Ақмола» кеңсесінде төрт жұмыс компьютері бар.
– Электрондық үкімет порталындағы қызметтерді пайдаланатын азаматтардың санын арттыру мақсатында Көкшетау қаласында 1414 Бірыңғай байланыс орталығы ашылды, онда операторлар азаматтарға электрондық үкімет порталындағы қызметтерді алу мәселелері бойынша кеңес береді, сондай-ақ, электрондық үкімет порталы арқылы бейнеқоңырауларды қабылдайтын, азаматтарды мобильді азаматтар базасында тіркейтін виртуалды ассистенттер бар. Халыққа қызмет көрсету бөлімдері «Egov mobile» мобильдік қосымшасында пайдаланушыларды көбейту бойынша жұмысты жалғастыруда. 2021 жылдың жеті айында 31 298 пайдаланушы тіркелген, – дейді Нұрбек Қайыржанов.
Сондай-ақ, цифрлық құжаттар сервисін қолдана отырып, электрондық құжаттарды қалыптастыру, олардың пайдаланылуын тексеру қағидалары әзірленді және бекітілді. Мемлекеттік органдардың жұмысына цифрлық құжаттарды енгізу және оларды азаматтардан талап ету фактісін болдырмау мақсатында Министрлік мемлекеттік органдармен бірлесіп «Egov mobile» мобильдік қосымшасында сервисті одан әрі дамыту жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі күні сервисте цифрлық құжаттардың 13 түрі қолжетімді. Пайдаланушылар сервисті іске қосқан сәттен бастап «цифрлық құжаттарды» 518 872 рет пайдаланды.
«Азаматтарға арналған үкіметтің» тағы бір қосымша қызметі іске қосылып, ендігі орайда мемлекеттік бажды QR-кодтың көмегімен төлеуге болады. Енді қызмет алушылар барлық мемлекеттік қызметтерді смартфонының көмегімен бірнеше секунд ішінде төлей алады. Сондай-ақ, қазіргі таңда халыққа қызмет көрсету орталықтарына кіру тек алдын ала тіркелу бойынша жүзеге асырылады. Кезекті электронды Үкімет сайты egov.kz арқылы немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалып, сонымен қатар, @kenes1414bot телеграм ботына тіркелуге болады.
Айта кетуіміз керек, қазіргі таңда өңіріміздегі халыққа қызмет орталықтарының барлығы «Аshyq» қосымшасы арқылы жұмыс істеуде.
Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар