Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шетелдік туристерді тартудың мол мүмкіндігі - АРҚА АЖАРЫ

Шетелдік туристерді тартудың мол мүмкіндігі

Халықаралық «ЭКСПО–2017» көрмесі – Арқаның кербез сұлу Көкшетауына шетелден туристер тартудың бірден-бір мүмкіндігі. Шетелден келген мәртебелі меймандарды көркем табиғатымызбен тамсандырармыз-ау, бірақ, жоғары деңгейде күте аламыз ба? Олар тойған жеріне тоғыз келсе, елімізде кенжелеп жатқан туризмнің дамуына үлкен серпіліс болар еді.

  Осы мәселелердің оңтайлы шешімін табу үшін  Ақмола облысының туризм басқармасы мен «Астана-ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы бірлесіп, конференция өткізді.
Конференцияда алдымен сөз алған «Астана-ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы төрағасының кеңесшісі Роза Асанбаева халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің елімізге берерінің мол екендігін атап өтті. Біріншіден, бұл Қазақстанға шетелдік туристерді тартудың амалы. Екіншіден, қазірдің өзінде 174 гектар жерге құрылыс нысандарын салып, ол жерден 8 мың адамға жұмыс көзін тауып беріп отыр. Аталған құрылыс биылғы жылдың 1-ші қарашасында аяқталмақшы. ЭКСПО-ға 70 елден меймандар және 13 халықаралық ұйымның өкілдері келеді деп күтілуде. Бүгінгі күні 26 мемлекеттен туристердің келуі туралы келісімшартқа қол қойылған.  ЭКСПО-ның жоғарыда аталған нысандарын салу үшін  147 миллион еуро бөлінген. Жұмсалған қыруар ақшаның орнын туристер арқылы толтырамыз, – дейді Роза Асанбаева.
Астана қаласына бір жылда шетелден 500 мың адам келеді екен. Ал, 2017 жылы ЭКСПО-ның аясында 3 айда ғана 3 миллион турист келеді деп жоспарланып отыр.
Облыстық туризм басқармасының басшысы Шынарбек Батырханов алдағы үлкен науқанға бүгіннен бастап дайындалу қажеттігіне назар аударды. Ол үшін жол карталары, қонақ үйлер мен мейрамханаларға баратын жолдарды шетелден келген азаматтарға ұғынықты етіп, бірнеше тілде да-йындау керек. Және қызмет көрсету сапасын арттыруға жете көңіл бөлу қажет. Табиғатымыздың көз тартар сұлу жерлерін сақтап, тарихымызбен, мәдениетімізбен таныстыратын гидтер дайындау жайлы да айтылды.
ЭКСПО халықаралық көрмесі Астана қаласында өтетіндіктен, облысымызға келетін қонақтардың саны көп болатыны белгілі. Осы орайда, бәрінен көп салмақ Бурабай паркі мен Қорғалжын қорығына түспек. Бурабай аймағындағы сауықтыру орталықтары мен демалыс үйлерінің, қонақ үйлердің басшылары шақырылып, алға қойылған жоспарларымен  бөлісті.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» –  демекші конференция соңында    «Астана-ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы «Бурабай» ұлттық табиғи паркімен, «Көкшетау» ұлттық паркі, «Даму Бурабай» ЖШС-мен бірлескен меморандумға қол қойды. Ақмола облысының туризм басқармасы мен Ресейдің Түмен қаласынан келген «Турлидер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Игорь Меньшиков, Қостанай облысының өкілі Роза Галямова, Павлодар облысынан келген Салтанат Нұрмағанбетова сияқты кәсіпкерлер ынтымақтаса жұмыс істеуге ниет білдіріп отыр.

 

Мерген ТОҚСАНБАЙ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар