Орталық сайлау комиссиясында ҚР ОСК мүшесі Ләззат Сүлейменнің Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының алдағы сайлауына дайындық барысы туралы брифингі болды.
Брифинг барысында сайлау науқаны басталған кезеңнен бері көптеген саяси партиялар өздерінің съездерін өткізгені, съезде партиялық тізімдерін қалыптастырып, бекіткені атап өтілді.
Мәслихаттар депутаттығына ұсыну да белсенді жүріп жатыр. Облыстық, Астана және Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтер бойынша 2016 жылғы 4 ақпандағы таңғы сағат 10-дағы жағдай бойынша республика көлемінде барлығы 2865 кандидат ұсынылды. Олардың ішінде облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарына – 324 адам, аудандық мәслихаттарға – 2015 адам, қалалық мәслихаттарға – 526 адам. Ұсынылған кандидаттардың 12-сі Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі, 1184-і партияда жоқ, тағы 1669-ы өзінің партияға тиесілі екенін көрсетпеген. Округтік сайлау комиссиялары 54 кандидатты тіркеді.
Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес мәслихаттар депутаттығына ұсыну 2016 жылғы 19 ақпанға, ал, тіркеу 23 ақпанға дейін жүргізіледі.
Брифинг соңында Ләззат Сүлеймен: «Сайлау комиссияларының негізгі міндеті – заңды-лықты, яғни, сайлау заңнамасына және жал-пыға танымал халықаралық қағидаттарға сәйкес әділ және ашық сайлауды өткізуді қамтамасыз ету», – деп атап өтті.