Жақында Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында пауэрлифтингтен Азия чемпионаты ұйымдастырылып, онда 10 елдің 160 спортшысы сынға түсті.
Қазақстан құрама командасының сапында 105 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде біздің жерлесіміз, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушісі Сергей Вайгант жатып көтеруден 308 келі салмақты бағындырып, алтын медальмен қоса Азия рекордын жаңартты. Ол бұл күнде білікті бапкер Кирилл Павленконың қарамағында жаттығу жасайды.
Өткен жылы да Азия чемпионатында олжа салған Сергей спорттың осы түрімен ертеден шұғылданады. Оның Қазақстан Республикасы, Азия және Әлем чемпионаттарында алты жылдан бері жеңістің ең биік сатысына көтеріліп жүргенін айтып өткен ләзім.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.