Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлттық валюта банкнотын айырбастауға шексіз мерзім енгізу нәтижелері туралы - АРҚА АЖАРЫ

Ұлттық валюта банкнотын айырбастауға шексіз мерзім енгізу нәтижелері туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2021 жылдың 12 маусымынан бастап 2006 жылы және одан кейінгі жылдары шыққан банкноттарды мерзімсіз айырбастау кезеңі күшіне енгенін еске салады. Осы уақыт аралығында қазақстандықтар жалпы мөлшері 163 млн. теңгеден көп ақшаға 66 403 банкнот айырбастап алды.
Банкноттарды ауыстыруға қатысты өтініштердің басым бөлігі Алматы (16,6%), Нұр-Сұлтан (9,7%) және Қарағанды облысы (8,8%) тұрғындарынан түсті. Айырбастауға қабылданған купюралардың негізгі үлесін – номиналы 500 теңгелік банкноттар (47,1%) құрайды.
Айта кетейік, айналымнан шыққан 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500, 1 000, 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік банкноттарды шекті мерзіміне қарамастан ҚҰБ-тың аумақтық филиалдарында айырбастауға болады.
Жаңа банкнот шыққан жағдайда ескі үлгісі 12 ай бойы қолданыста қатар жүреді. Бір жыл бойы ескі банкнот та, жаңа банкнот та заңды төлем құралы болып саналады және олар барлық төлем түрі бойынша қабылдануға міндетті.
Қандай да бір банкнот айналымнан шыққан жағдайда 3 жыл ішінде оны ҚҰБ филиалдарынан да, екінші деңгейлі банктердің бөлімшелері мен «Қазпошта» кеңселерінен де айырбастап алуға болады. Айналымнан алынған банкноттар 3 жыл өткен соң да ҚҰБ филиалдарында мерзімсіз айырбастауға жатады.
Қосымша сұрақтар туындаса, Көкшетау қ., М. Әуезов к., 214 мекенжайы бойынша орналасқан ҚҰБ Ақмола филиалына және 8 (7162) 55-18-09, 55-18-00, ішкі 2232, 2234 телефон номерлері арқылы хабарласуға болады.
Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар