Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Комиссия бақылайды - АРҚА АЖАРЫ

Комиссия бақылайды

Қазақстан Республикасында сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Ғосман Төлеғұл бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді.

Комиссияның басты мақсаты – сайлау науқанының ашық өтіп, сайлаушылар мен сайланушылардың конституциялық құқыларының бұзылмауына бақылау жасау. 2005, 2011 және 2015 жылдардағы Президент сайлауларында және 2007 және 2012 жылдардағы Парламент депутаттарының сайлауында комиссия белсенді жұмыс істеп, сайлаудың заңдылықтарға сай өтуіне игі ықпалын тигізді.
Комиссияның құрамында облысымыз бойынша 700-ден астам байқаушылар жұмыс істейтін болады. Олар өңіріміздегі барлық сайлау учаскелеріне бақылау жасайды. Сайлаудың барынша адал өтуін қамтамасыз ету мақсатымен комиссия мүшелері Орталық сайлау комиссиясымен, құқық қорғау органдарымен, депутаттыққа кандидаттардың сайлауалды штабтарымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейтін болады. Комиссия жұмысының қорытындысы туралы сайлау аяқталған соң толыққанды есеп жасалып, онда сайлау үдерісіне толықтай баға беріледі.
Бұл арада ескере кететін жайт, қоғамдық бақылау комиссиясы сайлау комиссиясының жұмысына араласа алмайды. Тек бақылау құзырын ғана иеленеді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар