Көкшетау қаласының №7 орта мектебінің 8-ші сынып оқушысы Төлеубай Райымбек ХХІІ Республикалық «Абай оқулары» байқауының республикалық кезеңіне қатысып, жүлделі ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.
Аталмыш байқауда Райымбек «Абайдың қара сөздері» аталымы бойынша ұлы ғұламаның қара сөздерін мәнерлеп оқып, хакім Абайдың қара сөздерін толық білгенін дәлелдеді. Дарынды оқушы атақты ақынның шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиеттерін, ұлттың рухани мұрасын кеңінен көрсетті.
Осындай маңызды жетістікке қол жеткізуде, Райымбек Төлеубайды жарыстың барлық кезеңдерінде жеңіске жетелеген №7 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, жас ақынның рухани тәлімгері Сәуле Кәзікәрімқызы Жақанованың еңбегі зор.