Паралимпиада чемпионы жаңа пәтер мен көліктің кілтіне ие болды

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Токио паралимпиадасынан жеңіспен оралған ақмолалық парапауэрлифтер Давид Дегтярев пен оның жаттықтырушысы Юрий Колесниковті марапаттап, сый-сияпат жасады.

Облыс басшысы құттықтау сөзінде өңірде спорт саласы қарқынды дамып келе жатқанын, бұқаралық спортты дамыту үшін бірқатар шаруалар тындырылып жатқанын атап өтті.

«Спорт саласында 2 мыңнан астам маман еңбек етеді. Өңірдің қалалары мен ауылдарында 2,5 мың спорт нысанында 240 мыңнан астам әуесқой спортшылар жаттығады. Давид Дегтярев ақмолалық атлеттердің даңқты жеңістері жылнамасында лайықты орын алды. Біз оның жетістігін мақтан тұтамыз және зор денсаулық пен табыс тілейміз», – деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

Шара барысында облыс басшысы чемпионға су жаңа көліктің кілті мен 3 бөлмелі пәтердің сертификатын берсе, оның жаттықтырушысы Юрий Колесников 5 миллион теңгенің сертификатына ие болды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар