Маңызды мәселелер көтерілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы Жолдауында көптеген маңызды мәселелер көтерілді. Президент ең алдымен тәуелсіздік игілігін сезіне алуымыз керектігін айтты.

Пандемиядан кейінгі экономикалық даму мен 2025 дамудың ұлттық жоспарын алға қойды.
Мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыны дұрыс игеру, мал шаруашылығындағы жем-шөп мәселесін шешу, субсидияны талан-тараж қылмау, медицинада білімді мамандарды көбірек дайындау, халық денсаулығы үшін спортқа көңіл бөлу, мектептерді салу, талантты оқушылар мен мұғалімдерді моральді, материалды тұрғыда қолдау, су қоймаларын салып 5 жыл ішінде халықты 100 пайыз таза ауыз суымен қамтамасыз ету, атом энергиясы жөнінде оңтайлы шешім қабылдау сияқты мәселелерге баса назар аудару керек екенін қадап айтты.

Әр сала бойынша ел игілігі үшін атқарылатын жұмыстар Жолдауда көрсетілді.

Мұхаммед Қонқаев,
Ақын, айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының мүшесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар