Президент бастамаларын қолдап, ұлт болып ұйысуға тиіспіз

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған бүгінгі Жолдауын ықаласпен тыңдадық. Бүгінгідей әлемді індет жайлап, неше түрлі саяси қақтығыстар, табиғат қыспағы көбейген мазасыз кезеңде өз Президентіміздің Жолдауын тыңдауға еліміздің әрбір азаматы құштар деп түсінемін.

Президент Жолдауы өзінің шынайылығы, ел тұрғындарына қамқорлығы, қолдауымен ерекшеленді. Тек қана жетістіктеріміз ғана айтылған жоқ, кемшіліктеріміз де алға тартылды. «Ауруын жасырған- өледі» демекші, елдің мұң-мұқтажының ашық айтылуы, өмірдің кемшін тұстары мен жағдайдың анық-қанығын терең білу оны түзетуге бастайды.

Мені аса алаңдататын – пандемия, етектен алып, әлі толас таппаған індет. Президент осы мәселені ашық айтты және онымен күреске Ұлттық қордан 1 триллион қаражат бөлінуде екенін жеткізді. Біз бәріміз індетпен күреске түсті қарамай, Президент бастамаларын қолдап, ұлт болып ұйысуға тиіспіз. Сонда ғана індеттен арыламыз.

Жолдауда тұрғындар қамы жан-жақты айтылған «Азаматтардың әлеуметтік әл-қуаты – басты басымдық» деген бөлім бар. Онда айтылған жақсы жаңалықтар үшін қуаныштымыз. Жалпы, Жолдау мазмұнына дән ризамыз.

Серік Жетпісқалиев,
Ақын, «Көкшетау» газетінің бас редакторы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар