Жолдауда елдің қамына назар аударылып отыр

Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жолдады. Елдің қамын жан-жақты ойлап, халық мәселесін жан-жақты шешуде оңтайлы шешімдер қабылдауда оң өзгерістер енгізуді қолға алып отыр.

Әлемді жайлаған індеттен түбегейлі құтылу үшін халық арасында екпе алу мәселесі алғашқы кезекте. Түсіндіру жұмыстарын барынша қарқынды жүргізіп, халық арасында дау-дамайсыз вакцина алу, уақтылы жоспарлы түрде ем-шараларды қабылдау сынды шараларды мықтап қолға алу міндеті тапсырылды. Екпеге қатысты қордан бөлінген қаржыны халық үшін оңтайлы жұмсау міндеті де назардан тыс қалған емес.

Осындай ахуал кезінде бұл індет ел экономикасына кері әсерін тигізбей қоймады. Халық арасындағы жұмыссыздық мәселесі мен қолдау шаралары да барынша басты назарда. Халықтың әл-ауқатын жақсарту, тұрақтылық қалпын сақтауда да мүмкіндігінше бақылап отыр. Оның барлығы елдің жағдайын жақсартуға бақытталған.
Сондықтан, ел болып, бірлігімізді жоғалтпай, жұмылған жұдырықтай болып бірлесе отырып аталған міндеттерді қолға алсақ қана бар қиындықты еңсеретініміз баршаға аян.
Бірлігіміз әрдайым жарасып, төрт көзіміз түгел болсын!

Гүлім Ескеева,
Жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар