Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сандықтау – мүмкіндігі мол өңір - АРҚА АЖАРЫ

Сандықтау – мүмкіндігі мол өңір

Облыс әкімі Сергей Кулагин кезекті жұмыс сапарымен Сандықтау ауданында болып, өңірдің жағдайымен танысты. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Қалдыбек Бәйімбетовтің қатысуымен өткен актив жиналысында Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттер  нақтыланды.

  Өңір басшысы алдымен, балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған Сандықтау спорт мектебінің шаңғы орталығында болып, өткен жылғы жөндеу жұмыстарының сапасына назар
аударды. Мектеп ішін аралап көрді. Спорт мектебінің директоры Валерий Ловягиннің айтуынша, 3 мың шаршы метр аумақты алып жатқан орталықта 2,7 шақырым асфальт төселген шаңғыроллерлік жол бар. 1,5 шақырым жол жарықтандырылған. Мұнда 15 жаттықтырушы жұмыс істейді. Аудандық спорт мектебінің оқушыларынан басқа 56 оқушы биатлонмен, 120-ға жуық оқушы шаңғы спортымен айналысады. Орталықта Степногорск қаласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың 17 оқушысы тұрады. Қол жеткізген нәтижелер де баршылық. Осында Қазақстан Республикасы ұлттық жастар құрамасының  мүшелері, ерейментаулық апалы-сіңлілі Катя мен Ольга Мадридти, сандықтаулық Роман Еремин  жаттығады. Сондай-ақ, орталықта республикадағы барлық спорт мектептерінің басын қосып, шаңғы, биатлон, футбол, баскетбол, армрестлинг, кір спорты және қазақша күрестен республикалық жарыстар өткізуге мүмкіндік бар. Ол үшін барлық жағдай жасалған.
Облыс басшысы Максимов селолық округіндегі «Свободный» серіктестігінің мал қораларын да аралап көрді. Серіктестік егіншілік және мал шаруашылығымен айналысып, «Герефорд» тұқымдас 1603 бас ірі қара мал мен бірнеше үйір жылқы бағады. Ірі қара мал сатып алу үшін 16,5 миллион теңге субсидия алған. Кәсіпорынның 30 мың гектарға жуық егіс алқабы бар. Өткен жылы гектар берекесі 21 центнерден айналыпты және 57,1 тонна ет сатылыпты. Шаруашылық есебінен әлеуметтік саланың еңбеккерлері үшін 7 тұрғын үй салынған. Қоғамдық монша жұмыс істейді. Облыс әкімі серіктестік басшысы Александр Закусиловқа жылқы басын көбейтуді тапсырды. Өңір басшысының жұмыс сапары одан әрі Петровка селосында жалғасты. Мұндағы «Жабай» серіктестігінің директоры Дога
Докаев 1990 жылы салынған село клубын жөндеп қалпына келтіріпті. Бүгінгі таңда 150 орындық мәдениет ошағында салтанатты шаралар, тіпті әртүрлі тойлар да өткізіледі. Селолық кітапхана да осында.
Өткен жылы орталық аудандық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Дегенмен, бұл жұмысқа облыс әкімінің көңілі толмады. Аурухана әкімшілігі бірінші кезекте 68 кереуеттік сырқаттар бөлмелерін жөндеуі керек еді. Балкашин селосында жеке кәсіпкер Седа Омарованың жартылай шикізат өндіретін цехы жұмыс істеуде. Кәсіпкер «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 3 миллион теңге несие алып, кәсібін бастапты. Өткен жылы өндірісті дамытуға 17 миллион теңге салынған көрінеді. Қазір кәсіпорында тәулігіне  200 келі тұшпара, манты тәрізді жартылай фабрикаттар өндіріледі. Өнім Көкшетау мен Атбасар қалаларында, Жақсы, Есіл, Сандықтау аудандарында сатылады. Өткен жылы осындай 20 миллион теңгенің өнімі өндірілген. Шикізат ауыл шаруашылығы құрылымдары мен аудан тұрғындарынан сатып алынады. Кәсіпорын келешекте арнайы қондырғылар сатып алып, тәулігіне 600 келі өнім өндіруді межелеп отыр. Өңір басшысы бұл  жұмысқа оң бағасын берді.
Балкашин селосында бір ғана мектеп жұмыс істейді. Екіншісі апатты жағдайда деп танылған. Білім ошағының директоры Салтанат Қалиақбарованың айтуынша, 1973 жылы салынған мектепте 708 оқушы екі ауысыммен білім алуда. Физика, химия және мультимедиялық кабинеттер жаңа құрал-жабдықтармен жабдықталған. Оқушылар 8 сыныптан бастап автокөлік жүргізуді үйренуде. Облыс басшысы спорт залында кадет сыныптарының бастапқы әскери дайындықтарын тамашалады. Педагогтар ұжымымен және мектеп түлектерімен кездесіп, өңірдің қол жеткізген табыстары, алда тұрған міндеттерін ортаға салды.  Мектептегі білім деңгейіне көңілі толмады. Апатты деп танылған мектепті де сараптамадан өткізуді тапсырды. Аудан орталығындағы жеке кәсіпкер Тоита Докаеваның нау-байханасы 1998 жылдан бері жұмыс істеуде. Өткен жылы 40 миллион теңгенің жөндеу жұмысы жүргізіліп, Түркияда жасалған арнайы қондырғылар сатып алыныпты. Мұнда тәулігіне 3500 дана әртүрлі нан өнімдері пісіріледі. Өнімдер Сандықтау, Зеренді аудандарында сатылуда. Облыс әкімі мұнда болғанда әсіресе, нанның бағасын ретсіз көтермеуді тапсырды.
Сергей Кулагин одан әрі  аудандық мәдениет үйінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, аудан әкімі Асылбек Исмағамбетовтың жергілікті тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуіне қатысты. Облыс басшысы ауданда мал өнімдері аз өндірілетінін, соның салдарынан ет пен сүт өнімдері субсидияланбайтынын атап өтті.
Александр Закусилов пен Докаевтар әулетінің шаруашылықтарынан өзгелері нашар дамуда, – деді одан әрі өз сөзінде. – Сондықтан, қол жеткізген жетістіктерге тоқмейілсімей, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамытуға барлық кәсіпкерлер атсалысулары қажет. Сандықтау ауданы көрікті табиғат аясында орналасқан. Жері құнарлы. Оның үстіне білікті мамандар да жеткілікті. Өнеркәсіп орындары жоқтың қасы, демек, курортты аймақты дамыту қажет. Дегенмен, бұл бағытта бірде-бір жоба жасалмаған, ондай жоба Индустрияландыру картасына кіргізілмеген. Сондықтан, шағын және орта бизнесті қарқынды дамыту қажет. Ауданның жері құнарлы болғанымен, кейбір шаруашылықтар  технологияны  дұрыс қолданбайды. Соның салдарынан өнім аз.
Ауданда ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі де көңіл көншітпейді. Өңір басшысы сонымен бірге, әлеуметтік жағынан аз қамтылған адамдарды назардан тыс қалдырмауды, еңбекақыны көтеруді, күнделікті тұтынатын тауарлар бағасын көтермеуді тапсырды. Есеп беру кездесуінде жергілікті тұрғындар сауалдарына тұшымды жауап берілді. Еңбекте өнеге көрсетіп жүрген бірқатар сандықтаулықтар облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар