Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Қазан қаласында (Татарстан) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің алғашқы ойындары өтуде.
Байрақты жарысқа Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Өзбекстаннан республикалдары және Ресей федерациясы аумағынан келген 1 139 спортшы қатысуда. 14-23 жас аралығындағы атлеттер спорттың 16 түрінен бақ сынайды.
Ақмола облысының былғары қолғап шебері Батырхан Сейтенов бокстан 75 кг салмақ дәрежесінде қола медаль иеленді.