Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ережелерге бекем болайық - АРҚА АЖАРЫ

Ережелерге бекем болайық

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің облыстық аумақтық департаменті, облыстық энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесі өткізілді.

Кеңеске облыстағы «Көкшетау-Жылу» кәсіпорны, Степногорск жылу электр орталығы,  электр қуатымен жабдықтау кәсіпорындары, «Ақмола РЭК» акционерлік қоғамы, «Көкшетау- Энерго», «Степногорск Энерготранзит» серіктестіктерінің электр желілік компаниялары және «Степногорск Теплотранзит» серіктестігінің өкілдері қатысып, технологиялық ережені бұзу оқиғаларына талдау жасалды.
Мәселен, өткен жылы Ақмола облысындағы осындай кәсіпорындарда технологиялық ереже 161 рет бұзылғаны анықталған. Оның ішінде бірінші дәрежелі бір ереже бұзу және екінші дәрежелі  160 ереже бұзудың орын алғандығы белгілі болды. Атап айтқанда, «Степногорск ЖЭО» серіктестігінде өткен жылы он жеті технологиялық ереже бұзу оқиғасы анықталды, яғни, 2014 жылмен салыстырғанда ереже бұзудың анағұрлым артқандығы байқалады. Мұндай жағдайлар «Көкшетау-Энерго» серіктестігінде де аз емес. Мәселен, мұнда 2015 жылы екінші дәрежелі 49 ереже бұзылғандығы анықталды. Ал, мұндай жағдайлардың сайып келгенде, адам денсаулығы мен өміріне зиян келтіріп, қауіп төндіретіндігі белгілі. Айталық, өткен жылы осының салдарынан Ақмола облысының энергетикалық кәсіпорындарында бір адам жарақат алды. 2014 жылы осындай үш оқиға  орын алған еді.
Жалпы алғанда, Ақмола облысында технологиялық ереже бұзудың шамалап азайғандығы байқалады. Өңірдің барлық энергия кәсіпорындары 2015-2016 жылдардағы күзгі-қысқы мерзімге арналған дайындық паспорттарын алды. Электр өндіруші кәсіпорындарда отынның қажетті қоры жасалды. Жылу беру маусымы штаттық тәртіпте өткізілуде, электр желілері жұмысында технологиялық ереже бұзылған жоқ.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің облыстық аумақтық департаменті өзінің күнделікті жұмысында электр энергиясын өндіру, тарату және тұтыну барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеп отыратын Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңын басшылыққа алады. Электр энергетикасы саласында мемлекеттік реттеудің ең маңызды тетігі – электр қуатына тұтынушылардың сұранысын барынша қанағаттандыру және электр энергиясы нарығына қатысушылардың құқықтарын тұтынушылардың электр қуатын жеткізушілерді таңдау құқығына кепілдік беретін бәсекелестік жағдайлар жасау жолымен қорғау болып табылады. Аталмыш заңға сәйкес,  аумақтық департамент электр энергетикасы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарының сақталуын, сондай-ақ, электр станциялары мен электр желілері энергетикалық жабдықтарының, тұтынушылардың электр қондырғыларының пайдаланылуы мен техникалық жай-күйін бақылауды іске асырады. Департамент жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі – электр қуатын өндіруші және оны таратушы кәсіпорындардың  қыс айларындағы жұмысқа әзірлігі паспортын беру. Бұл құжат аталмыш кәсіпорындардың жұмысы қыс айларына дайын екендігін білдіреді. Осы құқықтық қатынастар 2015 жылғы 2 ақпандағы №55 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген электр энергиясын өндіруші және энергия беруші кәсіпорындардың қыс айларындағы жұмысқа әзірлігі паспортының нысанын, оны алу қағидалары мен мерзімін бекіту туралы ережесімен реттеліп отыр.
Облыс бойынша 2015-2016 жылдардағы жылу мерзіміне кәсіпорындардың қыс айларындағы жұмысқа дайындығы жөнінде 12 паспорт берілді. Паспорттан бас тартқан және оны алу мерзімін бұзғандар жоқ. Сондықтан, мұндай материалдар сот органына жолданбады. Жылу маусымында облыстың барлық электр қуатын өндіретін және тарататын кәсіпорындары толыққанды жұмыс істеуде. Сөз соңында Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңының бұзылуына кінәлі тұлғалар осы заңда белгіленген тәртіппен жауап беретіндігін тағы бір еске саламыз.

Ержан ЕРТАЕВ,
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің облыстық аумақтық  
департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар