Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
БАҚ қызметіне арналды - АРҚА АЖАРЫ

БАҚ қызметіне арналды

 Орталық сайлау комиссиясында БАҚ басшыларымен сайлауды ақпараттық сүйемелдеу және сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру ережесін сақтау мәселелері жөнінде семинар болып өтті.

Ортсайлауком мүшесі Л.Ж.Сүлеймен негізгі баяндама жасады. Атап айтқанда, ол бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін электораттық кезеңдегі БАҚ қызметін ұйымдастыруға қатысты сайлау заңнамасының ережелері, партиялар мен кандидаттардың сайлау алдындағы үгітін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырудың тәртібі мен шарттары туралы ақпараттандырып, сайлау науқаны барысын жариялаудың негізгі қағидаларына көңіл бөлді.
Бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары партиялар мен кандидаттардың сайлау науқанын объективті көрсетуді жүзеге асырып, БАҚ-қа тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті екені атап өтілді.
«Сайлау алдындағы үгіт кезеңінде БАҚ қызметін реттеу – сайлау процесінің ашықтығын, жариялығын және әділдігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі болып табылады» – деп атап өтті Ортсайлауком мүшесі. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы Т.Б.Қазанғап өкілетті органның қызметі туралы айтты, сондай-ақ БАҚ-тың сайлау процесіндегі және қоғамды оның барысы туралы ақпараттандырудағы маңызды рөлін атап өтті.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Әлеуметтік-экономикалық саланың заңдылығын қадағалау департаменті басшысының орынбасары Н.М.Сүйіндіков үгіт жүргізу науқанын құқықтық реттеу мәселелерін айқындап берді, сондай-ақ, аталған мәселе бойынша құқық қолдану тәжірибесі туралы айтты.
Әсіресе, сайлау алдындағы үгітті жүргізу құқығына кедергі жасағаны және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленгені атап өтілді, ал, сайлау алдындағы үгітті оған тыйым салынған кезеңде жүргізу әкімшілік жауапкершілікке: кандидаттарды тіркеуден бас тарту немесе тіркелгені туралы шешімді жоюға әкеп соқтырады.
Пікір алмасу барысында сайлау заңнамасы нормаларының сақталуын тиімді қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат өкілдері сайлау науқанын немесе сайлау алдындағы үгітті жүргізуді жариялауда Сайлау туралы заңның талаптарын бұзушылықтарды айқындау және болдырмау жолдары мен әдістері тәжірибелік үлгілерде қаралды.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері БАҚ-тың сайлау органдарымен және сайлау процесіне қатысушылармен өзара іс-қимыл тетіктеріне қатысты өздерінің ұсыныстары мен тілектерін айтып, сайлау заңнамасының БАҚ-та сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормаларын іске асыру әдістерін талқылады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар