Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ерлік ұмытылмайды - АРҚА АЖАРЫ

Ерлік ұмытылмайды

Облыс орталығында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына орай, интернационалист-жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов қатысып, сөз сөйледі.

  Оның барысында облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, қала жұртшылығы, «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері одағы» қоғамдық бірлестігінің және әскери-патриоттық клубтар мен жастар бірлестіктерінің  басшылары мен өкілдері де интернационалист-жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Жиынға қатысушылар ауған соғысында қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Одан әрі шара «Достар» мәдениет сарайында ауған соғысы ардагерлері мен қаза болған жауынгерлердің туған-туыстарын марапаттау рәсімімен жалғасын тапты. Онда бір топ ауған соғысының ардагерлері Алғыс хаттармен және мерейтойлық медальдармен марапатталды.
Ауған соғысы барлығымыздың жүрегімізге жазылмас жара салды. Бұл қайғылы оқиға ел жадында мәңгі қалары анық. Отан үшін от кешкен ардагерлеріміздің ерлігі еш ұмытылмайды, –деді облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде. Ақмола өңірінен ауған соғысына 1113 ақмолалық қатысып, оның 61-і майдан даласынан оралмаса, екеуі хабар-ошарсыз кеткен. Бүгінгі күні өңірімізде 900-ден астам ардагер-интернационалист тұрады.
Шара барысында сөз алған облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Жанат Ережепов, Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Жылқыбаев, «Ауған соғысының  ардагерлері мен мүгедектері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дуанбай Ыбырай, әскери-техникалық мектептің курсанты Ұлан Қайыржановтар қырғын соғыстың оты өшсе де, жанға салған жарасы әлі жазылмағандығын, ауған жеріндегі сұм соғыстың зардабын тартқан, сыз окоптарды жастанып, кеудесін оққа тосқан ержүрек ұлдарымыздың ерлігі кейінгі ұрпақтың жадында мәңгі сақталатындығын тілге тиек етті. Салтанатты шара соңы көркемөнерпаздар дайындаған әсем концертке ұласты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар