Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Елім үшін егілемін» штабы – Көкшетауда - АРҚА АЖАРЫ

«Елім үшін егілемін» штабы – Көкшетауда

Көкшетау қаласындағы Достық үйінде өткен шарада ел көлемінде жүріп жатқан коронавирус пандемиясына қарсы күрес шаралары, оны тоқтатудың бір амалы вакцинациялауда жатқандығы жөнінде ой бөлісілді.

Баспасөз конференциясында Қазақстан заңгерлер одағының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының төрағасы, Серік Берқамалов, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының баспасөз хатшысы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев және онлайн режимде медицина ғылымдарының докторы Вячеслав Локшин, эпидемиолог, Айнагүл Қуатбаева, акушерия және гинекология орталығының тәуелсіз директоры Аида Әлжанова, репродуктолог, «Қоғамдық бақылау және мониторинг« республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Саида Тәукелева қатысып, «Ashyq» жобасына қатысты сауалдарға жауап берді, халықтың денсаулығы үшін вакцина алудың маңыздылығына тоқталды.
Аталған штаб тамыз айында құрылған. Оның қатарына өңірлерден 200-ден астам ерікті қосылып отыр. Штабтың түсіндіру жұмыстары тамыз-қазан айларына жоспарланған.
– Коронавирустан арылудың бір себебі – вакцина алу. Мұнымен айтпағым, біз бұрынғы, қалыпты өмірге оралуды қалаймыз. Егер шын қаласақ, вакцина салдыруымыз керек, – деді Серік Берқамалов.
– Қазіргі уақытта Ақмола өңірі «қызыл» аймақта қалып отыр, соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 178 жағдайы тіркеліп, өсім 0,5 пайызды құраған. Өңірде вакцинаның бірінші компонентімен 275 220 адам егілген, бұл – 66 пайыз. Ал, екінші компонентімен 236 869
адам вакцинацияланған. Ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін бұл әлі де аздық етеді, – деген Ержан Байтанаев өңіріміздің соңғы мәліметттерін келтіре отырып, вакциналаудың маңызды екенін мысалдармен нақтылады.
Сондай-ақ, Вячеслав Локшин, Саида Тәукелева, Айнагүл Қуатбаева және Аида Әлжанова журналистердің қойған сұрақтарына кезекпен жауап беріп отырды.
Олардың пікірінше, ел халқының 70-80 пайызы вакцинация алу нәтижесінде ғана COVID-19 қауіпті індетінен аурушаңдық пен өлім-жітімді төмендете отырып, ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға болады.
Штаб өкілдері өңірімізге сапары барысында Көкшетау қаласындағы «Асыл Арман» және «Көкшетау сүт зауыты» серіктестіктеріне барып, ұжым мүшелерімен кездесті. Онда вакцинация-лау науқанының барысы талқыланып, түсініктемелер мен тәжірибелік ұсыныстар берілді. Бұл ұжымдарда қызметкерлердің 80 пайыздан астамы вакцинация алған.
Сонымен, «Елім үшін егілемін» бастамашыл тобының коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация алу бойынша біздің өңірімізде жүргізген ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да өз нәтижесін береді деген үміттеміз. Бұл үшін әрине, вакцинацияға қатысты айтылған әрбір салмақты сөзге ел болып құлақ асуымыз керек. Қазір екпе алған науқасардың осы індетті вакцина алмаған науқастарға қарағанда жеңіл өткізіп жатқандықтары туралы дәрігерлер де өз тәжірибелерінен жақсы айтып жатыр. Сондықтан, осы бір мақсат жолында уақытпен, қаншама жол ауыртпалығымен санаспай, өңірлерді аралап жүрген «Елім үшін егілемін» штабының мүшелеріне қандай алғыс айтсақ та артық емес.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Айбек Данияров.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар