Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жалықпай ұстаздық еткен - АРҚА АЖАРЫ

Жалықпай ұстаздық еткен

«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деген ұлы  Абайдың өткен ғасырда айтқан сөзінің мәні бүгін де жойылған жоқ. Өмірден өз орныңды тауып, жүрегің қалаған мамандығыңа сай еңбек ету де бір ғанибет.

Ауданымыздағы мектеп-гимназияны он жылдан бері басқарып келе жатқан Нұрлан Тәжин өмірден орнын тапқан жан. Тәжиндер әулетінің ұстаздық жолы 70 жылды құрайды екен. Әкесі Есіркеп ғұмыр бойы ұстаздық етсе, Нұрлан да әке жолын қуды. Еңбек жолын мектепте қатардағы мұғалім болудан бастаған ол бүгінде ауданның маңдайалды оқу орнының
басшысы.
Қорғалжын ауданының 70 жылдығы қарсаңында «Мектебіміздің түлектері – біздің мақтанышымыз» атты қабырға газеті ұйымдастырылған еді. Мектеп бітірген түлектердің арасында елімізге танылған азаматтар аз емес екен. Соңғы үш жыл қатарынан мектеп-гимназия оқушылары бірыңғай ұлттық тестілеу бойынша жоғары көрсеткішке ие болып жүр. Бұның бәрі мектеп басшысының ұйымдастырушылық жұмыстарының жемісі екендігі анық.
Ұзақ жылғы ұстаздық қызмет жолында алған атақ-абыройлары да аз емес. «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағымен, Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапатталған. Оған қоса «Қорғалжын ауданының құрметті азаматы» деген атағы тағы бар. Өз ісінің білікті маманы Нұрлан Тәжиннің қоғамға бергені де, әлі берері де көп.  

Мұхит ШЕРМҰХАНҰЛЫ.

Қорғалжын ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар