Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сотқа келмегені үшін - АРҚА АЖАРЫ

Сотқа келмегені үшін

Көкшетау қаласының мамандан-дырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 653-бабының 1-бөлігі бойынша, яғни, сотты құрметтемегені үшін азаматша Г.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істі қарау барысында ол Көкшетау қаласының мамандандырылған қылмыстық сотына шақыру қағазы неше мәрте жіберілсе де, сотқа келмеген. Бұл сотты құрметтемеу деп танылды.
Әкімшілік істі қарау кезінде азаматша өз кінәсін мойындады. Жаза шарасын тағайындау кезінде асырауында кішкентай баласы бар екені ескеріліп, мемлекеттік бюджет кірісіне  жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза
қолданылды.

Қалижан СҮЛЕЕВ,
Көкшетау қаласының мамандандырылған
әкімшілік сотының аға сот приставы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар