Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің құзыреттілігін дамыту, сондай-ақ халықтың көрсетілетін қызметтерге қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында Ақмола облысы әкімдігінің бастамасы бойынша ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде оқыту семинарларының топтамасы басталды.
Оқытумен денсаулық сақтау, білім беру, ветеринария, жер қатынастары, жұмыспен қамту, мұрағат ісі және т.б. салалардағы қызмет көрсетуші мемлекеттік мекемелердің 3000 – нан астам қызметкерін қамту жоспарлануда.
Оқыту семинарларының модераторы – Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімінің басшысы Жұмабек Данагүл Ғалиоллақызы. Семинарлар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің, жетекшілік ететін салалар бойынша облыстық басқармалардың қызметкерлерімен бірлесіп өткізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесі тұрақты бақылауда.