Ақсу кентіндегі «Қазақалтын» акционерлік қоғамы кенішінің №38 шахтасынан құрамында алтыны бар руданы ұрлап жүргендер қолға түсті.
Алдымен, Степногорск қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне аталған шахта аумағында бейсауат адамдардың жүргені туралы жедел ақпарат түскен-ді. Ізінше құқық қорғау органдарының қызметкерлері 40 жастағы теміртаулық пен 26 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Тексеріс барысында күдіктілерден құрамында алтыны бар 4 қап руда тәркіленді.
Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 334-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Степногорск қаласы.