Ағымдағы жылдың ақпан айында таныстырылған «Парасат жолы» («Дорога добропорядочности») жобасы аясында Ақмола облысының Степногорск қаласы, Астрахан, Ақкөл, Бұланды мен Біржан сал аудандарының кітапханаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған кітап көрмелері ұйымдастырылды.
Көрмелердің мақсаты халықтың сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасын тәрбиелеу, азаматтық қоғамды адалдық және парасаттылық қағидаттарын қалыптастыруға тарту болып табылады.
Іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік туралы, сондай-ақ қоғамдағы заңға бағынатын өмірдің қажеттілігі туралы және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру туралы кітаптар, мерзімді басылымдар, брошюралар ұсынылды.
Көрмелерге қатысқан келушілер осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, облыс кітапханаларының базасындағы «Парасат жолы» орталықтарында мәдениет саласының өкілдері арасында «Азаматтық қоғам – сыбайлас жемқорлыққа қарсы» құқықтық мәдениет сағаттары өткізілді.
Естеріңізге сала кетейік, «Парасат жолы» – адалдық, парасаттылық, әділдік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамда ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған жоба, оның шеңберінде кітапханалар базасында жүйелі негізде кітапхана қызметкерлерін, қоғам қайраткерлерін, жазушыларды, ақындарды, ғалымдарды, дін өкілдері мен басқа да танымал тұлғаларды тарта отырып, түрлі ақпараттық-түсіндіру, әлеуметтік-тәрбиелік іс-шаралар өткізіледі.