Бүгін Қостанай қаласында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің үздік педагогтеріне «Үздік педагог» төсбелгісін салтанатты түрде табыс етті.
Іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен ұлы ағартушы-ұстаз Ы. Алтынсаринның 180 жылдығына орай ойластырылған.
Республикамыздың үздік педагогтарының ішінде Жақсы ауылындағы №1 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ляззат Байсеркеқызы Қасқаева және Көкшетау қаласының «Өркен» бөбекжайының музыкалық жетекшісі Корябкина Ольга Владимировна үздік атанды.